Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жұбайы келіп ел-жұртымен көрісті": Алматыда Мұхтар Мағауиннің 40 күндік асы өтті

Алматыда 85 жасқа қараған шағында дүниеден озған Мұхтар Мағауиннің 40 күндік асы берілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скриншот

Журналист Жанар Байсеміз марқұмның асына қатысып, жазба жариялады. 

“Зулаған уақыт… Аңыз адам Мұхтар Мағауиннің өмірден өткеніне де 40 күн болды. Мағауиндер әулеті Алматыда жазушының қырқын берді. АҚШ-тан Мұхтар Мағауиннің жұбайы Бақытжамал апамыз келіп, ел-жұртымен көрісті. Адамда арман таусылған ба?! Жазушы өмірінің соңғы сәттерінде "кіші немеремнің алты-жетіге толған шағында кетсем, мәңгілік есінде қалар едім", — депті. Ұлы жазушының рухы пейіште шалқысын. Мағауин өлген жоқ. Мағауиннің екінші ғұмыры басталды. Мағауин қалдырған мол мұра мәңгілікке мәңгілік!", — деп жазды БАҚ өкілі. 



Еске салайық қаңтарда бақилық болған жазушы АҚШ-тың Мэриленд штатында жерленетінін хабардар еттік.

“Жазушының жаназасы 11 қаңтарда АҚШ-тың Мэриленд штатында сағат 10:00-де өтіп, түріктің Diyanet Center of America мешітінде ұйымдастырылып, сол штаттың зиратына жерленді”, – деді марқұмның ұлы Едіге. 

Гүлдана Нұрлыханова
Сейсенбі, 18 Ақпан, 2025 11:49
Талқылау