Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүздеген палестиналық эвакуация туралы бұйрықтан кейін Газаның солтүстігіндегі аудандарды тастап кетті

Израиль армиясы эвакуациялауға бұйрық бергеннен кейін жүздеген палестиналық Газаның солтүстігіндегі аймақтарды тастап жатыр. Бұйрық Джабалия, Бейт-Ханун және Бейт-Лахия қалаларындағы бірнеше лагерьге қатысты болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24KZ порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: © Abdel Kareem Hana, AP

Біріккен ұлттар ұйымының бағалауы бойынша бұл аудандарда 400 мыңнан астам палестиналық ЦАХАЛ әскери іс-қимылдардың салдарынан қоршауда қалып отыр.

Алайда көптеген тұрғын эвакуациядан бас тартып жатыр, себебі анклавта қауіпсіз орын қалмады деп санайды. Бұл туралы БҰҰ-ның Таяу Шығыс агенттігінің басшысы Филипп Лаззарини мәлімдеді. Оның айтуынша, Газа аймағының солтүстігінде негізгі қажеттіліктер жетіспей жатыр, ал анклавтың орталығында әуе шабуылдары жалғасып жатыр.



Еске салайық, бұған дейін Газа орталығындағы мектеп пен Нусейрат босқындар лагеріне жасалған израильдік әуе соққысынан 35 адам, оның ішінде әйелдер мен балалар қаза тапты. Тағы 50 адам жарақат алды. Жергілікті денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, соғыс басталғаннан бері Газа секторында 42 мыңнан астам палестиналық көз жұмған.

Талқылау