Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүздеген мың қазақстандықтың көлік және тұрғын үй салығы бойынша қарызы бар: Олардың шоттары бұғаттала ма

көлікФото: pixabay.com

Қазақстанда 800 мыңнан астам жеке тұлғада салық бойынша берешек бар. 15 млрд теңге көлеміндегі негізгі қарыздың 90%-ы көлік салығына тиесілі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қаржы вице-министрі Ержан Біржанов 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 827 мың қазақстандықтың мүлік және көлік салығы бойынша қарызы бар екенін айтты. Жалпы берешек көлемі 23 млрд теңге. Оның ішінде 15 млрд теңге негізгі қарыз, 8,2 млрд теңге өсімпұлды құрайды.

Осы соманың 13,5 млрд теңгесі, яғни қарыздың шамамен 90%-ы көлік салығына келеді. Вице-министрдің айтуынша, жеке тұлғаларға қатысты қатаң шаралар қолдану немесе оларды салықтан жалтарушы ретінде бақылауды күшейтуді көздемейді.

"Жеке тұлғаларға қатысты қатаң бақылау жүргізіп, шоттарды бұғаттау сияқты шараларды қолданбаймыз. Біз негізінен бизнесті бақылауға басымдық береміз", - деді Ержан Біржанов.


 


Сонымен қатар жеке тұлғалар салық органдарының назарына көбіне заңды тұлғалар мен кәсіпкерлерге жасалатын тексерістер кезінде түседі. Мысалы, кей жағдайларда сауда нүктесі бір адамның атына тіркелгенімен, төлем мүлдем басқа жеке тұлғаның есепшотына жіберілетіні анықталады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда салықтық есептілікті тапсырмағаны үшін айыппұл салынбайтыны хабарланған еді.

Рая Мінәп
Жұма, 05 Желтоқсан, 2025 17:25