"Жүз түрлі бөгет ойлап тапты": Мұхтар Мағауин соңғы сұхбатында Назарбаевтың билігіне баға берді
Марқұм жазушы Мұхтар Мағауин соңғы сұхбатында 30 жыл басқарған Назарбаев билігін сынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скриншот
Әдебиет өкілі көзінің тірісінде журналист Жанар Байсемізге сұхбат берді.
“Назарбаев бастаған қазақ үкіметінің саясаты – қазақты құрту. Оның тұсында ел – иесіз, жер – жетім” деп жаздым. Қазақты рухани жаншып тастады. Есікті ашып қойды, ол ашық тұрса, ит те, мысық та кіреді. Толып жатқан діндердің консепциясы пайда болды. 30 жыл далаға кетті. Қазақ жағаласып отырып көбейді. Қазақ әйелдерінің балажандығы сонша, туу мен өсу тоқтамады. Тәуелсіздік алған жылдары қазақтың саны алты миллионға жетті. Қазір 14 миллионға жетті”, – деді жазушы.
-
Ақмола облысында шенеуніктер қандастардың қоныс аударуына бөлінген қаржыны жымқырған
-
Тәуелсіздік жылдарынан бері 1 миллионнан аса этникалық қазақ елге оралды
Одан кейін марқұм әдебиетші Назарбаев президент болған тұста қандастарға көңіл бөлмегенін жасырмады.
“Алдағы уақытта бірте-бірте барлығы жақсы болады деп ойлаймын. Сырттан келген қазақтарға алдымен тоқтау болды. Арнайы жазуға уақыт болмай жүр. Осыған дейін де талай айттық. Назарбаевтың үкіметі, қойған адамдары талай адамды жексұрын қылды. "Келе беріңдер" дейді де, жүз түрлі бөгет ойлап тапты. Құжатын ала алмай жылдап жүреді. Болмайтын, қисыны жоқ құжат сұрады. Қытайдан сотталмағаны жайлы құжат сұрады. Қытайда ондай бермейді. Осының барлығы – қазақты келтірмеу үшін Назарбаевтың ойлап тапқаны. Қазақ көбеймеу керек, көтерсе, кеудесін көтеруі мүмкін”,– деді ол.
Еске салайық, жазушы Шерхан Мұртаза мен Фариза Оңғарсынова жерді сатуға қол қойғанын айтқан еді.