"Жүйке талшықтары өліп қалған": Әнші Ayree 13 жастағы ұлының диагнозын айтты
Жақында екінші рет тұрмыс құрған Ayree 13 жастағы ұлының денсаулығында кінәрат бар екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/ayreeofficial/
Өнер иесінің бірінші некесінен Әлімхан есімді ұлы бар екенін көпшілік біледі.
“Ұлымды көтергенде 18 жаста болдым. Жүктілігім жақсы өтті. Ол кезде сабақ оқып жүрген кезім, емтихан тапсыруға барып жүрдім. Өзімді жақсы сезіндім. Бірақ 32 аптада қарқынды босану болды. Оған дейін мен УДЗ-ға түскенде бәрі жақсы болды. Бала аударылды, уайымдайтын ештеңе жоқ деді. Ешқандай жаман болжам айтылған жоқ. 3 күннен кейін толғақ сияқты ішім ауыра бастады. Содан кейін қан кетті. Жолда перзентханаға жеткенге дейін көп қан кетіп қалды. Мені жансақтау бөлмесіне алып кетті. Дәрігерлер жиналып, 100% бала тірі қалмайды, қызды құтқару керек деді. Соны жақсы естідім. Мен айғайлап, босанамын деп шу шығардым. Жанымда анам болды", – деді әнші “Мамский әңгіме” подкастында.
Бүгінде өнер иесінің ұлы өздігінен жүріп-тұра алмаса да, қатарластары секілді мектепке барады екен.
“Мен 3 сағатта босандым. Балам дүниеге келген кезде жылаған жоқ. Босануға күшім болмады, дәрігер ішімді дұрыс баспаған, баламның маңдай тұсындағы жүйке талшықтары өліп қалған. Қазір бәрі жақсы. Ата-анамның қолында. Балам жүрмесе де, дұрыс сөйлемесе де, бәрін сезеді. Мектепте "4" пен "5"-ке оқиды. Ол бәрін түсінеді. Ол сөйлеммен емес, сөздермен сөйлейді, арнайы мектепте 4-сыныпта оқиды. Бірақ күн сайын өсіп келе жатқасын, ата-анама ауырлық салатын секілді. Ер бала болғасын оны көтеріп, тұрғызу да оңай емес", – деді шоу-бизнес жұлдызы.
Еске салайық, өнер иесі өзінен екі жас кіші жігітпен шаңырақ көтергенін жазған едік.