Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұрт екі түрлі еркектен некесіз балалар туған әйелді сынап тастады

Желі қолданушылары әртүрлі еркектен екі рет некесіз бала туған Әйгерім есімді әйелді сынап тастады.

15877192_231159590666348_3405982299215364096_n

Бұл туралы “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.

Елімізде 24 “Аналар үйі” бар. Олардың бесеуі Алматы қаласында орналасқан. Мұнда кем дегенде 10 жас ана бір жыл бойы тегін тұрады. Олармен психологтар үздіксіз жұмыс жасайды. Ана атанған қыздар тамақпен, киім-кешекпен қамтылып, тігін тігуді үйренеді. Қоғамдық қор осы күнге дейін 1826 анаға көмек көрсеткен. Яғни 2000-ға жуық сәби жетімдер үйіне өткізілген жоқ.

Дәл осы аналар үйінің бірінде Әйгерім есімді келіншек өмір сүріп жатыр. Ол бірінші баласын 17 жасында некесіз босанған. Артынша ұлын бірден әпкесіне берген. Араға бірнеше жыл салып әлгі әйел тағы да бала туады. Бұл жолы да баланың заңды әкесі жоқ. Осыған орай, “Әйел бақыты” бағдарламасында сауалнама жүргізілді.

“17 жасында некесіз ұлы болып, өзінің туған әпкесіне бере салған. Тағы да некесіз қыз баланы дүниеге әкеліп отырғанына кім кінәлі? Баланың тағдырына жауапты сезінбегенімізден бе? Псиxологиясынан қандай ауытқулар байқадыңыздар?” – деп жазылған сауалнама сұрағы. Аталған сұраққа қатысты желі қолданушылары түрлі пікір білдірді. Бірі жанашырлық танытса, екіншілері сынап тастады.

“Аузы күйген үрлеп ішеді” дейді қазақта. Екінші некесіз қызды табарда неге ойланбайды екен сіңіліміз. Өзі анасыз өсіпті. Сонда өз балаларын әкесіз өсірмек пе? Адам баласы ойлануы керек қой. Ертең Жасминнің де тағдырының дәл сондай болмасына кім кепіл? Қыздар, әр қадамдарыңды ойланып басыңдар мына заманда”, “Өзі сондай ақкөңіл қыз екен. Айтуға оңай. Қолындағы періштеге обал. Ләйлә ханым, осы қызға көмектесіңізші”, “Тек қызды кінәлауға болмайды. Еркектер де жауапты осыған”,

“Иә, расымен де, жағдайы қиын. Бір күні сені жақсы түсінетін адам табылар. Қазір қиналсаң, ертең қызың өсіп саған көмектеседі. Қазақ ұлды ғана ұрпағым дейді. Десе де, қыз бала ұлдай қамқор бола алады”, “Психологиялық ауытқу дейсіз бе? Жарым, есі ауысқан адамда психологиялық ауытқу болады. Дәл ондай адам болса, баяғыда баласын жетімдер үйіне өткізетін еді. Өмірде бәрі ақтелеседі. Алла бәрін өзі ретке келтіреді. Ешкімде күнәсіз емес”, “Алла жар болсын!”, “Осы бағдарлама ұнаған жоқ. Қасымда кішкене қызым отырған. Өзіміз де ұл-қыз өсіріп отырмыз. Біреуді кінәлап немесе аяп не қыламыз? Ешкімнің де басына бермесін”, “Ең бастысы ұрпақтарының көретін жарығы бар. Алла ескерсін. Басқа не айта аламыз” деп жазды желі қолданушылары.

Ал “Аналар үйі” орталығының психологы Алтыншаш Матаева мұны қыз баланың дұрыс тәрбие алмауымен байланыстырды. Яғни Әйгерім ханымның өзіне берер бағасының төмендеп кеткенін меңзеді. Мұнымен қатар, балаларға дұрыс жыныстық тәрбие беруге кеңес берді.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Психолог еркектердің не себепті көңілдес іздейтінін ашып айтты

Қазақстан мен қазақстандықтардан көңілі қалған туристер: 4 оқиға

Серік Абас-шах тоқалымен елді құтқармақ болған Қыдырәліні әжуалады

Қазақстандық әйел туған қыздарын зорлап келген күйеуі туралы айтты

“Генерал келін” енесін жаңа түскен абысынынан қызғанып жүр

Талқылау