Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұрт Бағым Мұхитденованың 18 жыл бұрынғы суретін көріп, оны қазіргі Баянға ұқсатты

Желі қолданушылары Бағым Мұхитденованы осыдан  18 жыл бұрын түскен суретінен көріп Баян Есентаеваға ұқсатты.

13423003_1273843342656628_528859813_n

Фото: instagram.com/bagym_m/?hl=ru

Бұл туралы “Stan.kz” хабарлайды.

Қазақстандық жұлдыздар архивтерін ақтарып, өздеріне ұнаған суреттерімен жиі бөлісіп отырады. Алайда бұл әдет Бағым Мұхитденоваға тән емес. Десе де, продюсер бұл жолы осыдан 18 жыл бұрын түскен суретін көрсетті.

Аталған суреттен продюсердің сырт келбеті мүлдем басқа болғанына көз жеткізуге болады – табиғи қас пен шаш, мінсіз мүсін. Мұны желі қолданушылары да байқаған сыңайлы. Мұнымен қатар, олар суреттегі Бағым Мұхитденованы бүгін Баян Есентаеваға ұқсатты.

“Мына суретте Баянға ұқсайсыз”, “Айсәулеге көбірек келесіз”, “Бұл жерде Баянға ұқсап қалыпсыз, қазір қасыңызды кәдімгідей көтеріп алыпсыз”, “Суретте сондай сұлусыз! Қасыңызды көтеремін деп түріңізді бұзып алыпсыз ғой”, “Баян секілді арық болыпсыз” сынды пікірлер білдірген. Арасында Баян ханымның қалын сұрағандар да бар.

Бағым Мұхиденованың өзін сынайтындарға айтар жауабы да дайын екен. Ол өзінің инстаграм желісіндегі парақшасында келесі жазбасын бөлісті:

“Осыдан 6 жыл бұрын мен де өзгелерге кеңес беріп, бағыт-бағдар беруге құқылымын деп ойлайтынмын. Бұл әрекетімді әділеттілікке балап, өзіме-өзім тым сенімді болдым. Өзгелерді сынап, сыртынан ғайбат айтып, жеке өмірлеріне араласатынмын.

Қатты қателескенімді арада 2 жыл өткен соң бірақ түсіндім. Басыңа іс түсіп, қатты қиналған кезде әлгі ақылдысымақтар (бұрынғы мен сияқты адамдар) пайда болады. Өзгенің іш-киімін ақтармауды, өзімшілдік танытпауды үйренбейінше осылай жалғаса береді. Барды бар деп қабылдап, ешкімді сынамай, сыртынан өсектемей өмір сүріп жатқаныма 4 жыл болды.

Дәл бүгін өмірдің мәні – тұлға болып қалыптасу, біреуге бірнәрсе үйрету емес екенін түсіндім. Мұның қаншалықты қажеті бар деген де сұрақ туындайды. Мен үшін өмірдің мәні – сүйіктің мен жүрегіңе жақын адамдардың қасыңда болуы”, – дейді Бағым Мұхитденова.

Көпшілік прдюсердің бұл сөздерін қостай түскен. Мұнымен қатар, бір кездері Баян Есентаеваның да дәл осылай айтқанын тілге тиек еткендер де бар. Олар Мұхитденоваға бақыты туралы ешкімге тіс жармауға кеңес берді.


Жіберіп алмаңыздар:

Бағым Мұхиденова: Жалынып сұраймын барлығын доғарыңыздаршы

Әсел Ақбарова күтпеген жерден Баян Есентаеваны алмастырды

Баян Есентаева жұртқа хан сарайындай үйін көрсетті (видео)

Сұлулық инелері: Баян Есентаева қалай жасаратынын көрсетті (видео)

Талқылау