Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Журналист Мөлдір Әуелбекова құрған топтың қыздарына: Сендерге ана емес, сана керек

Бағдарлама жүргізушісі Нұржан Еркінұлы Мөлдір Әуелбекованың жетекшілігіндегі “Назар” тобын, Ернар Айдар мен Жан Ахмадиевтің бейнебаянын сынға алды. 

“Мөлдір Әуелбекованың құрған “Назар” тобы өзіне назар аударту үшін халықты жылататын ән тауып сол әнге клип түсірді. Бірақ 2018 жылы бейнебаянды осылай бастамақсыңдар ма?”, – дейді “Gakku” арнасының жүргізуші Нұржан Еркінұлы Ұят Parade бағдарламасында.

Бейнебаянда перзентханаға келген ер адам әйелінің қайтыс болғанын естиді. Оқиға желісі осыдан басталады.

Бейнебаянда әнші қыздардың “Ана керек” деп айқайлайтын жері бар. Мұны келемеждеген жүргізуші “Сендерге ана емес, сана керек” деп күлді.

“Ана туралы көңілді ән жазуға болмай ма? Ана туралы әндер неге қайғылы болуы керек?”, – дейді ол.

Жүргізуші Ернар Айдардың да “Күнім, сен сөнбеші” әніне түсірілген бейнебаяны жайлы айтып өтті. Әншінің дертке шалдыққан қыз Әнел мен сүйіктісі Марленнің тағдырын әнге арқау еткенін құптамады.

“Біреудің қайғысын рейтинг үшін пайдалану дұрыс емес”, – дейді бағдарлама жүргізушісі.

Нұржан Еркінұлы соңғы күндері ел талқысына түскен Жан Ахмадиевтің де әрекетін сынға алды.

“Жан Ахмадиевтің атын айтсам, құсқым келеді. Заман дамыған уақытта пиар үшін қыздарды қамшымен қуып жүр. Шындығында бейнебаянның толық нұсқасын көрсеңіз, Жанның клип түсірмей тұрып, сол жеңілжүрісті қыздарға өзі барып, сөйлесіп жүргенін көруге болады”, – дейді жүргізуші.

Айта кетейік, бұған дейін рэпер Жан Ахмадиев Алматының Сейфуллин көшесіндегі жеңіл жүрісті қыздарды қамшымен сабап, ол әрекетін желіге жариялаған еді. Алайда көпшілік мұның жарнама үшін жасалған іс екенін айтып, рэпердің өзін кінәлаған болатын.

Тағы оқыңыз:

Жан Ахмадиев: Маған сын айтыпты, бірақ Баян кім елді үйрететіндей?

35 жастағы қазақ жігіті бейтаныс әйелдің басын қалай дуалап алғанын айтты

Қазақ тілінде еркін сөйлейтін орыс қызы: Баян Мақсатқызы қазақ қыздарына үлгі емес

Талқылау