Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Журналист: “Меломен” тобының орындауыдағы әнді естіп қақалып қала жаздадым

Журналист, ақын, спорт комментаторы Есей Жеңісұлы “Меломен” тобының әнді бұзып орындағанын айтып, ренішін білдірді.

Есей Жеңісұлының айтуынша, “Меломен” жігіттері Алтынбек Қоразбаевтың “Туған жерім тамаша” әнінің мәтінін өзгертіп тастаған.

“Күнде ертемен “Қазақ радиосындағы” “Көңілді нота” хабарын тыңдап жұмысымызға/сабағымызға барамыз. Екі балам және мен. Күнде әр өңірден адамдар хабарласып, Алтынбек Қоразбаевтың “Туған жерім тамаша” әніне тапсырыс береді. Күнде. Осы біздің қазақ жазира жерімен қазақ қой, иә, шынында да! Күнде осы әнді Алма Аманжолованың орындауында тыңдайды дүйім жұрт. Құдайдың құтты күні. Бүгін де тыңдадық. “Меломен” тобының орындауында. Соңғы шумағына келгенде… қақалып қала жаздадым. Абырой болғанда, көше қиылысында бұрылмақ болып, онсыз да аяғым тежеуіште тұр еді, одан әрі шиқылдата басыппын. 

Алма әпке айтады: “Абай, Жамбыл, Махамбет, Құрманғазы, Аруағы қолдасын бәрімізді”, – дейді. “Меломен” бүгін: “Абай, Жамбыл, Махамбет, Құрманғазы, Өнерімен баураған бәрімізді”, – деді. Пәлі!.. Біздің Қазақстанда екі тілділер ғана екі әлемде өмір сүріп жатқан жоқ, аз қазақтың өзі бірнеше әлемде өмір сүріп жатыр. Аман болыңдаршы!.. Қатты түзеткісі келіп бара жатса, сол өлеңдегі “Асыл текті Алатау” деген тіркесті өзгерте салмай ма? Тау қашан асыл текті болып еді? “Арқасында” деген сөздің қазір жаны барға да, жоққа да қолданыла беретіні сияқты бірдеңе. “Ағамның арқасында”, “осы формуланың арқасында” дегендей”, – деп жазады Есей Жеңісұлы желідегі парақшасында

Желі қолданушылары да бұл пікірді қостай жөнелді.

“Бұл өте қауіпті құбылыс екен. Бүйте берсе қазақтың күллі мұрасын іске алғысыз етеді ғой. Одан əрі ұлтын менсінбейтін, ұлтсыз ұрпақ жасамақ”, “Алмадан соң осы әнге жармасудың да керегі жоқ сияқты көрінеді маған. Қарақаттың айтқанын да қабылдай алмаған едім…Сөз ұғатын әнші аз-ау”, деп жазды желідегілер.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау