Orda.kz бас редакторы Гүлнар Бажкенова екі айға үйқамаққа алынды

Orda.kz басылымының бас редакторы, журналист Гүлнар Бажкенова екі айға үйқамаққа алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы журналистің адвокаты Мұрат Адам мәлімдеді.
Сот Гүлнар Бажкеноваға қатысты екі ай мерзімге үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындаған.
Еске салсақ, бұған дейін Orda.kz редакторы Гүлнар Бажкеноваға қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы жазған едік. 1 желтоқсан күні полиция Orda.kz басылымының кеңсесі мен Гүлнар Бажкенованың пәтерінде тінту жүргізді. Журналиске бірнеше рет әдейі жалған ақпарат тарату дерегі бойынша айып тағылған.
"8 наурызды тойламаймын": Қазақстандық әйелдер атаулы мерекеден не үшін бас тартқандарын айтты
Қазастандық: "Үйде де, жұмыста да, көшеде де қор болып, зәбір көретін – әйел"
"Жеті атаны білеміз, жеті апаны ше": Қазақстандықтар әйелдерді шежіреге қосуды ұсынды
Этнограф: "Шежіреге қыздар жазылмайтын болса, ру аттары неге әйел атымен аталған?"