Журналист Думан Мұхамедкәрімнің ісін бас прокуратура қайта тексеретін болды
Журналист Думан Мұхамедкәрімнің ісін бас прокуратура қайта тексеретін болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Әлеуметтік желіден алынды
Бұл туралы кинорежиссер Еркін Рақышев хабарлады.
"Думан Мұхамедкәрімнің ісі бойынша бас прокуратураның басшылығымен оның әкесі Алмас ағамен кездестік. Думанның жеті жылға негізсіз сотталғаны туралы нақты деректер ұсындық. Бас бақылаушы органның басшылығы бұл іс бойынша жан-жақты тексеру жүргізуге уәде берді", – деп жазды Рақышев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еске салайық, Думан Мұхамедкәрім “тыйым салынған ұйым ісіне араласу” және “экстремизмді қаржыландыру” баптары бойынша күдікке ілініп, маусымның соңында қамалған. Құқық қорғаушылар билікті қатаң сынап жүрген журналист ісінің саясиланғанын айтып, оны "саяси тұтқындар" тізіміне қосқан.
Талқылау