Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Журналист Асхат Ниязовтың тақия жайлы қалжыңынан кейін полицияға арыз түсті

Асхат Ниязов үстінен тақия туралы әзілі үшін арыз жазылды

Фото: Асхат Ниязовтың Іnstagram парақшасынан

Журналист Асхат Ниязовтың үсітнен тақия жайлы қалжыңынан кейін қоғам белсендісі полицияға арыз түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Белсенді Диас Құзайыров журналист Асхат Ниязовқа қарсы полицияға арыз жазды. Ол Ниязовты ұлтаралық араздықты қоздырды деп айыптап отыр. Арызға себеп – Ниязовтың стендап-шоуда айтқан қалжыңы.

Шоудың барысында журналист тақияны интимдік астары бар әзілге қосқан. Бұл кей көрермендердің ашуын туғызған.

Белсендінің айтуынша, танымал адамның мұндай сөз айтуы қазақ халқының ұлттық құндылықтары мен рәміздерін қорлау болып саналады. Ол бұл әзілді қылмыстық кодекстің 174-бабына ("ұлтаралық араздықты қоздыру") сай құқық бұзушылық деп бағалап отыр.



Егер бұл бап бойынша іс қозғалса, жаза ретінде ірі көлемдегі айыппұл немесе жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Еске салсақ, Журналист Асхат Ниязов бұған дейін әзілі үшін сынның астында қалғанын хабарлаған едік.

Гүлсезім Мұхатай
Сейсенбі, 21 Қазан, 2025 16:36
Талқылау