Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қаражат жағы қиындай түсті": Жұлдыз Әбдікәрімова ақшадан қиналып жүргенін мойындады

Құны 170 миллион теңге тұратын пәтерінен айырылып қалған Жұлдыз Әбдікәрімова ел алдында жан сырын ақтарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жеке парақшадан алынды

Өнер иесі әлі күнге дейін пәтер жалдап жүргенін жасырмады. 

“Сот процесі әбден есеңгіретіп жіберді. 2024 жыл басымнан талай сынақ өтті. Білдіртпеуге, жылап-сықтамауға тырыстым. ҚР азаматшасы ретінде заңға, әділдікке көзсіз сендім. Сол сеніммен барлық инстанциядан рет-ретімен өтіп келемін.

Бұл жағдай отбасыма ауыр тиді. Балаларымның берекесі қашты. Кейінгі төрт жылда пәтерден пәтерге көшу қажытып жіберді. Алданатынымды кім білген?! 2022 жылдың жазында үйлі боламын деп жүріп, алаяқтыққа тап болдым.

Былтыр көп жайттар анықтала бастады. Шикілікті сезген сәттен құзырлы органдардан араша сұрадым. Үйімді қайтаруды мақсат етіп, сотқа жүгіндім. Осы тұстан бастап түрлі қиындықтар шырмауықтай шырмады", – деді актриса.



Одан кейін күйзеліске түсіп, денсаулығы да сыр беріп, ауруханадан шыққанын айтты. 

“Осындай кездесулердің бірінен кейін денсаулығым сыр беріп, түн ортасында ауруханадан бір-ақ шықтым. Дәрігерлер жатып ем алуым керек екенін айтты. Үйдегі балаларымды қараусыз тастай алмаймын деп, бір апта күндізгі стационарда емделдім. Жағдайым түзелмеді. Жүріп-тұруымның өзі қиындай түсті. Болмаған соң, Алматыдан әпкемді шақыртып, ауруханаға жаттым. Түсірілімдер мен жобаларым толық тоқтады. Жұмыс жүрмеген соң, қаражат жағы, күн көріс қамы қиындай түсті", – деп жазды киножұлдыз. 

Еске салайық, Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылып қалған келіні Жұлдызға ақыл айтамын деп сынға қалған еді. 

Талқылау