"Жүрген жүрісі мен тісіне дейін тиіседі": Ләйлә Сұлтанқызы анасының сыртқы келбетін сөз ететіндерге үн қатты
Журналист Ләйлә Сұлтанқызы анасына қатысты жағымсыз пікір айтатындарды сынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/sultankyzy/
БАҚ өкілінің сөзінше, желі қолданушылары анасының сыртқы келбетіне қатысты жағымсыз сөз жазатын көрінеді.
“Менің анамның киген киіміне, таққан орамалына, жүрген жүрісіне, тісіне дейін кері пікір жазатындар бар. Сол кісілерге бір жауап болсын: Мен жанында бола тұра, бар жақсыны алдына тоспағанда қайтемін?! Жырақта жүргенде өзін емес, өзгенің көңілін бірінші орынға қоятыны тағы бар. Құдай беріп тұрғанда, қолымнан келіп тұрғанда үлде мен бүлдеге орауға тырысу менің – міндетім”, – деді медиа маманы.
-
"Балаңның мазасын алма": Ләйлә Сұлтанқызы анасының айтқан кеңесін көпшілікке бөлісті
-
"Төркінге емін-еркін бара аламыз": Ләйлә Сұлтанқызы 40 жастан асқан қыз-келіншектерге кеңес берді
Еске салайық, тележурналист анасымен кейінгі жылдары ғана етене араласа бастағанын мойындаған еді.
“Менің анам 40 жыл енесімен тұрып, сол кісіге қызмет етіп, адал еңбекпен батасын алған келін деп сенімді түрде айта аламын. Әйтпесе әжем оңай кісі емес еді. Мінезді, шыншыл, адуынды болғаны сонша, кез келген адам шыдай бермейтін. Дишинкамның арқасында әжеге, әкеге деген құрметті, сыйластықты көріп өстік. Соған қатты қуанамын. Кез келген отбасылық мәселе, сыртқа шықпай, екеуара шешілетін. Айғай-шу тұрмақ, ешқайсының қатты дауысын естімедік. Егер есіктері жабық тұрса, мазалауға болмайды деп түсіндік. Сол тәрбие кейін өз отбасымда да жалғасын тапты”, – деген еді Ләйлә Сұлтанқызы.