Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Балаңның мазасын алма": Ләйлә Сұлтанқызы анасының айтқан кеңесін көпшілікке бөлісті

Танымал журналист, медиа маманы Ләйлә Сұлтанқызы анасының айтқан ақылын оқырмандарына бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/sultankyzy/

БАҚ өкілі шетелде оқитын баласына күн сайын хабарласа бергесін анасынан сөз естігенін айтты. 

“Жырақта жүрген балаңызбен қаншалықты жиі сөйлесесіз? Анаммен диалогтан үзінді келтірейін. 
– Сағадатқа хабарласуым керек
– Мені тыңдасаң, балаңа сағат сайын, күн сайын видеомен, жай болсын хабарласып мазасын ала берме! Аптасына 2-3 рет сөйлессең жетеді!” деді анам”, – деп бастады әңгімесін журналист. 



Медиа маманның сөзінше, анасы ер балаға қаталдау болған көрінеді. Ұлдарынан гөрі жалғыз қызын көбірек уайымдаған. 

“Рас, ойлап қарасам, анам әлі күнге дейін тек мені жиі іздейді. Қыз, жалғыз қыз болғасын шығар. Тамағым тоқ па, баратын жеріме жеттім бе, аяғым жылы ма, жүрегім тыныш па… Бәрі-бәрі маңызды. Ал ұлдарға келгенде сәл қаталдау. Қанша жақсы көріп, жүрегі жібіп тұрса да, ер адам – түздің адамы, оларға қатал болу керек деген ұстаным ол кісіде”, – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы. 

Еске салайық, журналист тұңғышының Нидерланды еліне оқуға аттанғанын жазған едік. 

Талқылау