“Қуып жүріп, жүрегіне соққы жасаған”: Ақтөбеде 18 жастағы бозбала өліміне кінәлі 10 адамға сот үкімі шықты
Фото: Stan.kz
Ақтөбе соты жастар арасындағы төбелес бойынша тергеуді аяқтап, үкім оқыды. 10 адам 11-23 жыл аралығында бас бостандығынан айырылды. Жылап қалған сотталушылардың аналары үкімнен кейін тарамай, балалары мінген кезет көлігінің жанынан кете алған жоқ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға Ақтөбе қаласында 2024 жылы 27 мамырда болды. Жасөспірімдер екі топқа бөлініп төбелескен. Төбелес кезінде 8 адам жарақат алды. Бір адам қаза тапты. Олар оқ атып, жәбірленушілерді машинамен қуып жүріп, қақпақ болған. Бір адамның жүрегіне пышақ сұғып өлтірді.
Айыптау актісіне сүйенсек, оқиға 2024 жылы 27 мамыр күні болды. Кәмелет жасқа толмаған жасөспірім ағасына Тұңғыш Президент атындағы саябақта біреудің себепсіз ұрып кеткенін айтады. Кейін ол адамның TikTok желісінен парақшасын, телефон нөмірін тауып алады. Қоңырау шалып, кездесуге келіскен.
Екі тарап бірінші мектеп ауласында кездеседі. Інісімен арада болған түсініспеушілікті сылтау қылып, ерегес басталады. Өздерінің іс-әрекеттері заңсыз екені біле тұра 300 мың теңге ақша немесе Айфон 13 маркалы ұялы телефон талап еткен. Егер бермесе, физикалық күш қолдатанын айтқан. Екінші тарап бұған келіспейді. Кейін олар сол күні адам көп жүрмейтін Мал базар маңындағы автотұраққа сағат 22:00-ге кездесуге келіскен. Мылтық, пышақ қолдану арқылы денеге жарақат салуды жоспарлап, бір топ жігітті жинайды.
“28 мамыр күні 00:28-де бірнеше көлікпен Мал базары аумағындағы автотұраққа келеді. Сол кезде С өз көлігіндегі мылтықты М-ға оқтап берді. М бесатарды Бозой ауылының жігіттерін атуға ыңғайлы орынды таңдап, көлікті қарсылас жиналған топтың қарсы бағытына қойды. М қаруланып, белгі күтті. Сол күні сағат 23:00 шамасында Бозой ауылының жігіттері келді. Екі топтан адамдар шығып, сол жерде 300 мың теңге iPhone 13 маркалы телефон талап етті. Болмаса Н-ны ұрып-соғатынын айтқан. С олардың талабына келіспейтінін айтқан соң Қ себеп қылып, жоспар бойынша көліктегі М-ға ат деп белгі береді. М Бозой ауылдарына бағыттап атады. Бірнеше адамға жеңіл дәрежедегі жарақат келтірді. Сол кезде қауіп төнгенін сезініп, жан-жаққа тараған кезде С мен бір топ жігіт көлікпен Бозой ауылының жігіттерін түйді. Б көлігіне мініп, Бозой ауылының жігіттерін қасақана қазаға ұшырату үшін түйді. Қауіп төнгенін сезіп, қашқан. Жәбірленуші Т-ның жүк көлігіне сүйеніп отырған сәтін көріп, аяғымен, жұдырығымен ұрады. Одан әрі Н, Е, Қ-лар Т-ның қасына келіп, Н інісін ұрғанын айтып, Н жүрек тұсына соққы жасап, Т қаза болды”, – деді прокурор.
Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты адам өліміне қатысты ауыр іске үкім оқыды. Адам өлімімен аяқталған жастар арасындағы төбелес үш баппен қаралды. 77 томдық істе 32 жәбірленуші бар. Сот істі наурыз айынан қарауды бастады.
10 айыпталушының барлығы да 21 -25 жас аралығында.
Сот үкімі бойынша жаза:
- Арсен Нысаналиев - 20 жыл
- Мухаммад-али Дилшодбек - 20 жыл
- Досымжан Құсманов - 22 жыл
- Ильяс Саловатов - 15 жыл 6 ай
- Жанболат Марқабаев - 11 жыл 6 ай
- Нұрзат Бақтыбаев - 15 жыл 6 ай
- Руслан Сағынбаев - 15 жыл 6 ай
- Тимур Есхожин - 15 жыл 6 ай
- Сұлтан Типаев - 15 жыл 6 ай
- Әділет Сағынов -15 жыл 6 ай
Сот үйқамақта жүрген Руслан Сағынбаевты сот залында қамауға алды.
Істі судья Жәнібек Сейтжаппаров, прокурорлар Көшербаева Гүлзира мен Осман Орынбасарұлы қарады.
“Қылмысты ұйымдастырушы Нысаналиев, Дилшодбекұлы, Құсманов жәбірленуші кәмелетке толмаған Диас Талғатұлын пышақтап, өмірін қиды деген тұжырымға келді. Осы үш сотталушыны адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, қасақана қазаға ұшыратқан деп тапты. Салаватов үйінен бес атар атыс қаруын алып шыққан. Марқабаев және басқалар екі және одан да көп адамды қасақана қазаға ұшыратуға оқталған. Ақырына дейін жетпеген.
Барлығы 32 жәбірленуші болған. Бір баладан басқасы қашып кеткен, қуған, жете алмаған, қылмысты ақырына дейін жеткізе алмаған.
Әлішер Нысаналиевтің тісі сынды, мұрны сынды, ұялы телефонды алып кетті деген желеумен басталған. 300 мың теңге немесе қымбат телефон алып беру талабы қойылған. Нысаналиев, Құсманов және оларға Дилшодбекұлы қосылған. Үшеуі спорт клубынан балаларды жинады. Барлығы да келісіп барған деген тұжырымға келді”, – деді судья Сейтжаппаров.
Фото: Stan.kz
Жәбірленушінің сотталушылардан 50 миллион теңге өндіру туралы азаматтық талабы ішінара қанағаттандырылды. Арсен Нысаналиев, Мухаммад-али Дилшобекұлынан, Досымжан Құсмановтан әрқайсысынан 6 миллион теңге, барлығы 18 миллион теңге моральдық зиян, әрқайсысынан 986 384 теңге, барлығы 2 959 152 теңге мүліктік шығын өндіру міндеттелді.
Сотталушылардың ешқайсысы тағылған айыппен келіскен жоқ. Апелляциялық шағым түсіретінін айтты.
Сотта қорғаушылар тарапынан “300 мың теңге ақша бопсалау” әрекетін орамал таққан қыздарға көмек ретінде деген пікір айтылды.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
