Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүрегіне оқ атқан: Жетісу облысындағы әскери бөлімде жас сарбаз көз жұмды

Жетісу облысы Сыраөзектегі әскери бөлімде жас сарбаз көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ratel.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: gov.kz

Оқиға 14 қаңтар күні №12740 әскери бөлімінде болған. 

"14.01.25 күні сағат 12:30 шамасында №12740 (Сарыөзек) әскери бөлімінде қатардағы жауынгер Құрманбек Дастан Маратұлы АК-74 автоматымен жүрегіне оқ атқан, ол сол жерде көз жұмды. Ол 19.10.24 күні Түркістан облысы Мақтарал аудандық әскери округінен әскерге алынған", – делінген ақпаратта.



Оқиғаға қатысты әскери бөлім мәлімдеме жасады.

“Әскери-далалық оқу-жаттығулар кезінде сарбаз атыс қаруын қолдану ережесін бұзып, кеудесінен жарақат алған. Қылмыстық іс қозғалды. Өлімнің себептері анықталып, тергеу шаралары жүргізілуде, құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы басқаратын арнайы комиссия тағайындалды. Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады”, – делінген хабарламада. 

Еске салсақ, бұған дейін әскери борышын өтеп жүріп көз жұмған сарбаздардың аналары президент әкімшілігіне үндеу жасаған еді. 

Талқылау