"Жүрегімнің ішінде жүрегі": Асанәлі Әшімовтің үшінші некесінен туған қызы жантебірентер жазба жариялады

Қазақ киносының абызы, КСРО және Қазақстанның Халық әртісі Асанәлі Әшімовтің қызы Сағина Әшімова әлеуметтік желідегі парақшасына әкесіне арнап жантебірентерлік жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол жазбасында әкесіне деген шексіз сағынышын жеткізіп, оқырмандардың жүрегін елжіретті.
“Әкем…
Жүрегімнің ішінде жүрегі.
Сізді сөзбен жеткізу қиын. Сағыныш үнсіз, бірақ жүректе ауыр. Амал дәптері әрдайым ашық болсын.
Алла жаныңызды жәннатқа кіргізсін, иманыңыз саламат болсын. Жатқан жеріңіз жарық, топырағыңыз торқа болсын. Біз сізді әрдайым сағынып, сүйіспеншілікпен еске аламыз…
21.12.2025”, – деп жазған ол.
Айта кетейік, бұған дейін актер, Қазақ КСР халық әртісі Асанәлі Әшімов дүниеден өткені хабарланған еді.
Жастайынан тапшылық көріп, жалаң аяқ жүрген: Асанәлі Әшімов несімен қазақстандықтардың есінде қалды