Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жүрегімді елжіретті": Ләйлә Сұлтанқызы 3 жастағы сіңлісінің ерекше қасиетін баяндады

Белгілі журналист, продюсер Ләйлә Сұлтанқызы кішкентай сіңлісінің ерекше қасиетін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Фото: https://www.instagram.com/sultankyzy/

Тележурналистің айтуынша, жолдасынан бір жыл бұрын үлкен ағасы қайтыс болған. Ал сіңлісі әкесін көріп үлгермеген.

“Биыл ағамның қайтқанына 3 жыл болады. Зымыраған уақыт. Артынша, Алла бізге бірден қуаныш сыйлады. Үйге күн қыз Мариям келді.
Ерекше нәзік, ақылды ерке болып өсіп келе жатыр, ботақан. Жеңгем Гүлзира 6 баламен жесір қалды. 1-1,5 жылдан кейін ғана қабылдап, өз-өзіне келіп жатыр. Жеңгеме ағамның ізін жалғар ұрпақ сыйлағанына ризамын. 3 жасар Мариямнан көп нәрсені үйренуіміз керек-ау… Өткенде анасымен Астанаға 2-3 күнге келіп кетті. Дастарқанда отырсақ, "Анашым, сенде қасық бар ма?, Анашым, не жейсің?, Анашым, шаршадың ба?" деген сөздерді айтқанда жүрегім елжіреп қоя берді…
Қыз жүрегі деген қандай, иә? Ұл немесе қыз деп бөлген жөн емес десек те, қыздың жүрегі сезімтал, нәзік келеді ғой. Өз ұлдарыма қарап та ойлап қоям, бала кездерінде құшақтап, айналшықтап қасымнан шықпайтын. Қазір жұрттың көзінше "ұят" деп, беттерінен де сүйгізбейді🫣 Барлығында сондай шығар деп өзімді жұбатамын арасында”, – деп жан сырын ақтарды журналист. 


  • "Әжесі нәрестені саудалаған": Алматылық әйел 5 айлық баласынан айырылып қалғанын айтып, дабыл қақты

  • "Анасына арналған күтпеген тосынсый": Алматылық азамат Tele2 операторы арқылы көлік ұтып алды


Сонымен қатар анасы туралы да сыр шертіп, сыйлық тарту етті. 

“Өзіміз де анамыздың қадірін ана болғанда түсіндік қой. Қазір ол кісінің бізбен өткізген әр сәті, көңілі, жымиып күлгені, қуанғаны қымбат. Жақындарыма әрқашан жақсы көңіл күй сыйлағым келеді. Анам біраз уақыттан бері бізбен бірге тұрып жатыр еді. Енді басқа немерелерімді де сағындым деп ауылға қайтпақшы. Олар да әжелерін күтіп отыр. Анама рақметім болсын деп, құлағына алтын сырға тақтым”, – деп сыйлығын көрсетті продюсер. 

Еске салайық, Ләйлә Сұлтанқызы 21 жастағы фотосын көрсетіп, елді күлдіргенін жазған едік. 

Талқылау