Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүрегі үш минутқа тоқтағаннан кейін әйел о дүниенің бар екеніне сенген

Фото: The Other Side NDE/Youtube

Канаданың Альберта провинциясында тұратын әйел клиникалық өлімді бастан өткергеннен кейін о дүниенің бар екеніне сенген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mirror басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Кэлли Элуэйнс өкпесінің қызметі нашарлаған. Себебі ауа өкпе мен кеуде қабырғасының арасына жиналып, жүрек пен қан тамырларын қысқан. Соның салдарынан оның жүрегі тоқтап қалған. Шұғыл медициналық көмек беретін мамандарға Кэллиді қайта тірілту үшін үш минут қажет болған.

"Мен өзімді толықтай физикалық дүниеден, тіпті өзімнің жеке "менімнен" ажырап, барлығының бір бөлігіне айналғандай сезіндім", – дейді канадалық әйел. 

Мұндай ерекше тәжірибе оған өлімнен кейін өмірдің бар екенін сезінуге және өзін жақсы түсінуге көмектескен. Өмірге оралған соң ол клиникалық өлім кезінде "менін" жоғалтуының, қиын балалық шағының салдарынан жазылуы үшін керек екенін түсінген.

Элуэйнс бұл тәжірибе оған ішкі үйлесім табуға көмектескенін айтады.

"Мен бұл махаббаттың үнемі менің ішімде болғанын ұқтым", – дейді ол.


Жүрегі 2 минутқа тоқтап қалған әйел "өлілердің әлемі" туралы айтып берді


 

Қазақстандық әйелді емхана қызметкерлері анасының орнына "өлгендердің тізіміне" қосып жіберген


 

 

Еске салайық, бұған дейін АҚШ-тағы Нью-Йорк қаласында туған Лиза Блисс бала кезінде өзенге құлап, 30 минут бойы ес-түссіз жатып, комаға түскен. Сол сәтте Лиза Блисс шексіз жарыққа, әсем гүлдерге толы көркем далада өзін сезініп, жарқыраған қақпа мен ақ киімді адамдарды көрген. Қақпаның ар жағында жалғыз Құдай деп түйген. Есін жиған соң денесі ауыр және әлем көмескі сезілген. Оқиға оны терең депрессияға түсіргенімен, медициналық көмектің арқасында Блисс толық қалпына келген.

Айым Атамбаева
Сенбі, 22 Қараша, 2025 19:45
Талқылау