Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүрегі 2 минутқа тоқтап қалған әйел "өлілердің әлемі" туралы айтып берді

триша баркер

АҚШ-тың Техас штатында тұратын Триша Баркер есімді әйел басынан өткен таңғажайып оқиғаны баяндады. Ол 2,5 минутқа “өліп”, о дүниені көргенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

21 жасында Баркер жол апатына ұшыраған. Оның омыртқасы мен аяғы сынып, сондай-ақ көптеген ішкі жарақаттар алған. Медициналық сақтандыруы болмағандықтан, ол отаға дейін 17 сағат күтуге мәжбүр болған екен.

Баркердің айтуынша, операция үстелінде жатқан сәтінде ол кенеттен денесінен бөлініп шыққандай күй кешкен. Кейін дәрігерлер оның жүрегі екі минуттан астам уақытқа тоқтап қалғанын айтқан.

"Мен хирургтардың артында тұрған жарық сәулелі жаратылыстарды көрдім. Олардың түсі күміс ақ, алтын, сары және көк реңктерден құралған еді. Олар ер де, әйел де емес — андрогинді бейнелер болатын", – деп сипаттады ол көргенін.

Баркердің сөзінше, ол сол күйде қабырғалардан еркін өтіп, кенеттен әдемі жасыл жайлауға тап болған. Сол жерде ол марқұм атасымен жолығып, кейін Құдайды көргенін айтады.

"Бұл сезімді жоққа шығару мүмкін емес еді, ол ерекше бір діріл сияқты еді. Ол – нағыз таза махаббат болатын"”, – деп қосты әйел. 

Әйелдің айтуынша, ол Құдаймен аздап тілдескен. Құдай оған өмірлік мақсатының – мұғалім болу екенін айтқан көрінеді. Осыдан кейін Баркер есін жиған. Ол сол сәттен бастап Құдайға сеніп, ұстаздық жолды таңдағанын мойындады.

Назархан Уән
Жексенбі, 02 Қараша, 2025 15:28
Талқылау