"Жүре алмай, қоштасып келдім": Жұлдызай Дүйсенбиева ауыр халге түскенін айтты
Танымал актриса Жұлдызай Дүйсенбиева төсек тартып жатып қалғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Жеке парақшадан алынды
Өнер иесі видео жариялап, денсаулығына алаңдап жатқан ағайынға алғыс айтты.
“Мұратжан, рақмет. Ауырып, жүре алмай қоштасып келіп едім. Жүре алмаймын деп те ойлағанмын. Мұрат жүргізіп жіберді. Жатып алып сөйледі демеңіздер, осылай жата тұру керек екен. Шыдай алмай, жақсарғанымды бөлісіп жатырмын. Жақсы болып қалдым. Қолың дерт көрмесін, Алла разы болсын!", – деді ол.
Айта кетейік, актриса өзіне жабысқан дертті сипаттап, екінші бас сияқты түйін пайда болғанын айтқан еді.
“Бұл бір түсініксіз ауру болды өзі. Дәрігерлер бұл жаман ауру деді. Басымның артқы жағынан түйін шықты, екінші бас сияқты болып тұрды. Мен ол уақытта түсірілімде жүрдім, басым ауыра бастағанда бірден үзіліс алып, үйден шықпай жаттым. Мен көпке көрсетіп, жылап, одан хайп жинағанды жақтырмаймын. Бірақ мен қатты уайымдадым, өйткені маған дәрігерлер "өлесің" деді. "Болды, өлесіз, құлақтың артына бірнәрселер жиналған" деп әбден қорқытты”, – деген еді актриса.