Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұлдыздарға қарап құбыланы қалай табуға болады (фото)

Сіз сапарда жүрсіз дейік, құлан түз, жапан дала. Ақшам намазаның немесе құптан намазаның уақыты кіріп қойды. Телефоныңызда байланыс жоқ, интернет жоқ. Құбыланы анықтауға мүмкіндік болмады. Енді не істейсіз?

image-1

Смартфон мен интернет жоқ замандағы мұсылмандар мен саудагерлер бұл мәселені қалай шешкен? Енді осыған назар аударайық.

image-2-1

Ғаламтор мен навигация жоқ заманда мұсылмандар, алыс сапарлап кетіп бара жатқан саудагерлер және теңізшілер жұлдызға қарау өнерін дамытқан. Егер сіз осы күнге дейін аспанға, жұлдыздарға қарап көрмеген болсаңыз, онда сіз жұлдыздардың бір орында үнемі тұра бермейтінін байқаған жоқсыз. Жер өз өсін айналып тұрғаннан кейін, жұлдыздар бір орында тұрмайтын сияқтанып көрінеді.

image-3

Мұсылман астраномдары әл-Құбыла деп атаған жұлдыз бар және ол әр-Ракабаһ деп аталатын жұлдыздар шоғырында орналасқан.

image-4

Біз бұл жұлдызды Темірқазық деп білеміз, ал жұлдыздар шоғырын Жеті қарақшы деп атаймыз. Егер сіз осы жұлдыздарды таба алатын болсаңыз, онда құбыланы да табу сізге жеңіл болады. Осыдан кейін, бұл әдістің смартфондағы қосымша арқылы құбыланы табуға қарағанда әлде қайда оңай екенін білесіз.

image-71

Бірінші қадам, жеті қарақшыны (әр-Ракабаһ) тауып алыңыз.

Аспанның Солтүстік жарты шарындағы Үлкен аю шоқжұлдызының ең жарық жеті жұлдызы. Аталған жеті жұлдыз шөміш пішінді иіліп солтүстік аспаннан өте анық көрінеді және ол Темірқазық жұлдызын жердің өз өсінде айналуына орай әр күні айналып жүргендей көрінеді.
Қараңыз?

Бұл жұлдыздар шоғырын үнемі көріп жүрген боларсыз?

Екінші қадам, темірқазықты(әл-Құбыла) тауып алыңыз.

Темірқазық — Кіші аю шоқжұлдызындағы 2-ші жұлдыздық шамада көрінетін жарық жұлдыз. Жеті қарақшының ең алдыңғы екі жұлдызымен бір сызық бойында жатады. Егер онда да таба алмасаңыз Жеті қарақшының ең алдыңғы 2 жұлдызының ара қашықтығымен 5 есе жерде тұрады.

Үшінші қадам, бәрін тексеру.

Сіз байқаусызда басқа жұлдыздарды Темірқазық екен деп қалуыңыз мүмкін. Сондықтан, іштей дұға жасап, қайта бір тексеріп шығу артықтық етпейді.  Үлкен аю шоқжұлдызының ең соңғы жұлдызы мен кіші аю шоқжұлдызының ең бірінші жұлдызы осы жеті қарақшы мен темірқазық болып табылады.

Егер сіз осы арқылы солтүстікті таба алсаңыз, онда құбыланы да оңай тауып аласыз.

Өкінішке орай, бұл тек солтүстік жарты шарда ғана жұмыс істейді. Егер сіз Австралияда болсаңыз, оңтүстік жарты шарда құбыланы бұл әдіспен таба алмайсыз.

Muftyat.kz

Жіберіп алмаңыз:

Шариғат үкімі бойынша депозитте ақша сақтау дұрыс па

Берген садақасы өмірін арашалып қалған

Шариғатта шарапты шипа үшін ішуге бола ма

Таудай қарызыңыз болса да құтылуға көмектесетін дұғалар

Шариғатта бала кезінде атастырылып қойған екі жастың үйленуі міндетті ме

Талқылау