Жұлдыздар 8 наурызда сүйіктілерінен қандай сыйлық алды (фото)
Отандық жұлдыздар өздерінің инстаграмдағы парақшасында 8 наурыз мерекесінде алған сыйлықтарының суретін салып, бір мақтанып алды. Арасында қуанышымен бөлісіп, жігіттерге қандай сыйлық таңдау керектігін астарлап жеткізгендер де бар.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Халықаралық әйелдер күні мейрамында нәзік жандылардың ерекше тосын сый күтетіні анық. Бірі сүйіктісі тарту еткен гүл шоғын қанағат тұтса, енді бірі қасына әтір қоса салса қайтеді екен деп ренжиді. Бұл пікірді жұлдыздар да қостайды.
“Кімге қандай гүл алды, кімге не сыйлады екен деп аңдыған жұрт. Әуелі тек инстаграмға салу үшін гүл сатып алып жатқандар да бар. Күйеулеріне ренжіп жүргендер қаншама. Біреулер бір тал гүлге жете алмай жатыр. Бір жақтан келген гүлді екінші жаққа апарып, “оборотқа” салып жіберген пысықтар да бар. Тек гүл алғандар қасына бір духи қоса салса өле ма деп бұрқылдап жүр” деп айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева мерекенің қалай өтіп жатқанын бір шолып өтті. Талай темір тұлпарды иеленген ақын өзіне сыйланған гүлдерді көрсетті.
Keshyou тобының қыздарын Алау тобының жігіттері гүлмен қуантып қана қоймай, мерекелік мол дастархан жайған екен.
Әріптестері сүйіктісінің берген сыйлығымен мақтанып жатқанда, Мәдина Сәдуақасова неге екені белгісіз жұбайы берген сыйлықты көрсетпеді. Тек GOLD картасына ие болғанын айтып, оның керемет мүмкіндіктері туралы жазды.
Қарақат Әбілдинаны жары ғана емес, төрт ұлы құттықтап тосын сый әзірлеген. Мұнымен қатар, отандық дизайнерлердің бірі тосын әзірлеген екен.
Соңғы кезде сүйіктісінің кім екенін айтпаса да, оның бар екенін білдіріп жүрген Ділназ Ахмадиева да ғашығының тарту еткен гүлді көрсетті.
Айшаны сүйіктісі Бүркіт қана емес, тыңдармандары да құттықтады. Бірі алқа сыйға тартса, енді бірі жас аналарға арналған жиынтық сыйлады.
Keshyou тобының экс солисі Айдана Меденованы сүйіктісі ғана емес, ағасы да құттықтады. Оған өзі жақсы көретіндей жеміс-жидектер тарту етті.
Жігітінен көңілі қатты қалған Әсел Сәдуақасова қазірдің өзінде ешкіммен көңіл қоспаған сыңайлы. Жұлдыз өзін әріптестері ғана құттықтағаны туралы жазды.
Мансабын отбасының бақытына айырбастаған актриса Әсем Жакетаеваны сүйіктісі көп гүлмен қуантқан көрінеді.
Ал Лидо buro24/7.kz жобасының өзіне ерекше сый жасағанын айтып, оны оқырмандарына бағалауға кеңес берді.
Салтанат Бақаеваға әріптесі Нұржан Керменбаев сөмке сыйлады.
Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін қазақ эстрада жұлдыздарының жұптарын қалай қызғанатынын айтқаны туралы жазған болатынбыз.