Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұлдыз Өмірғали “КешYou” тобынан кетуінің себебін ашып айтты

Жуырда атышулы КешYou тобының құрамы өзгерді. Бұл жолы ет күтпеген өзгеріс орын алды. Себебі 10 жылдан бері трио болған топ енді квартетке айналды. Оған қоса, топтан Ақбота Сейтмағамбетпен бірге Жұлдыз Өмірғали кетті. Ал жаңа құрамға бұрынғы “Лашын” тобының қос аруы мен “Лүпіл” тобында ән салған Назым Әбілдина алынды.

жулдыз оміргали 070317

Ақбота Сейтмағамбеттің топтан не себепті кеткені түсінікті. Ол кинодағы жұбы Дәурен Айдарқұловтан жүкті болып қалды. Артынша оған тұрмысқа шығып, ақ орамалды келін атанды. Ал Жұлдыздың қандай айыбы бар? Тыңдармандар осы сұрақтың жауабын таба алмай дал болды.

Оған әншінің өзі НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына берген сұхбатында жауап берді.

“Себебі менің мамандығым бойынша әнші емеспін.  Сондықтан, ортақ шешім қабылдап, сен жүргізушілікке баршы деп айтты. Менен жақсы актриса шығады деп айтты”, – дейді Жұлдыз.

Иә, бүгінде Жұлдыз концерт жүргізіп, отандық телехикаяларда актриса ретінде тәжірибесін шыңдап жүр. Ал, жақында Жұлдыз ақ келін атанады деген ақпаратқа не дейсіз?!

“Тұрмысқа шығады деген ақпарат ол рас емес! Білмеймін қайдан алынғанын? Әзірге тұрмысқа шығу… ондай ойда жоқ”, – деп жауап берді ол.

Есте болса, Баян Есентаева Жұлдыздың әнші ретінде кәсібилігіне көңілі толмайтынын айтқан еді.

Жіберіп алмаңыз:

Мейрамбек Бесбаев Медеу Арынбаевпен дуэт жаздырды

Ерке Есмахан өзімен ешбір ару теңесе алмайтынын айтып мақтанды (фото)

Ләйлә Сұлтанқызы тұңғыш рет өзінен аумай қалған ұлын көрсетті (фото)

Шашын сары түске бояп тастаған Майғазиев сынға қалды (фото)

Талқылау