Жұлдыз Өмірғали алғаш рет Айқын екеуіне қатысты бар шындықты айтты
Ақбота Сейітмағамбет, Жұлдыз Өмірғали! КешYou-дің экс-құрамы тарқай салысымен-ақ ел назарына ілікті. Баян Мақсатқызымен қош айтысқан қос бикештің топтан кейінгі тағдырлары да ұқсас болып шықты. Ақботаны да, Жұлдызды да жұрт отбасылы азаматқа ұл тауып бергендері үшін сынады. Алайда елдің назына әнші арулардың айтары бар.
Жұлдыз Өмірғали жеке өміріндегі даудан кейін алғаш рет НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына сұхбат берді, деп хабарлайды Stan.kz.
Жұлдыздың айтуынша, жұрт шындықты білмей жатып, жағымсыз пікірлерді қарша боратады. Жас әнші оған етінің үйреніп кеткенін айтады. Алайда ол төзімі таусылған шақта оқырмандарға жауап беру арқылы ашуын тарқатады екен.
Жұлдыз “Айқынға тоқал болып, ұл туып берді” деп сынағандарға жауап берді. Ол екінші әйелдікке қатысты өз ойын білдірді.
“Екі әйелді ала ма, алмай ма ол жағын білмеймін. Жалпы біз араб елі емеспіз. Бірақ мұсылман елі болсақ та, біздің елде екінші әйел болу қабылданбайды. Бірақ әркімнің өз таңдауы бар”, – дейді Жұлдыз.
Өмірғалиеваның айтуынша, оның тағдыры кез келген қыздың басына түсуі мүмкін. Сондықтан да “мені сынауға асықпаңыз” дейді ол сынаушыларға.
“Бәріміз адамбыз, ертеңгі өміріміз қандай болатынына кепіл бере алмаймыз. “Мен мынадай болмаймын, мынадай істеймін, бұл менің басымнан өтпейді” деп айта алмаймыз. Себебі ертеңгі өміріңде қандай бұрылыс болатынын, қандай адамға жолыққаныңды өзің де білмей қаласың. Жағымсыз жазған адамдарға өкпелі болғым да келмейді. Себебі олар білмей жатып сөйлейді”, – деп түсіндірді Жұлдыз.
Айта кетейік, желіде Жұлдыз Өмірғалидің әнші Айқынға ұзатылып бара жатқан видеосы пайда болған еді. Бұдан кейін қос өнер иесінің Түркияда бірге демалып келгені белгілі болды. Ал қыркүйек айында Жұлдыз Өмірғалидің Айқынға ұл тауып бергені жайлы бейресми дерек пайда болды.
Жіберіп алмаңыз:
Баян Мақсатқызы: Менен көмек сұраған әр әйелді тұрмыстық зорлықтан қорғайтын боламын
Бүркіт пен Аиша шетелдің әнін 2 миллион теңгеге сатып алған (видео)
Өмірім өзгерді: Жұрт Ақбота Сейітмағамбетті ашық сұхбатынан кейін қолдай бастаған (фото)