Жұлдыз күйеуі Қайрат Нұртасты қыздардан қызғанбайтынын айтты
Жылдар бойы ел көзінен тасада болған Жұлдыз Әбдікәрімова күйеуі Қайрат Нұртасты қыздардан қызғанбағанын мәлімдеді. Айтуынша, халықтың адамы болғандықтан, оны қызғануға тіпті некелі жарының құқығы жоқ.
Бұл туралы Жұлдыз “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтты, деп жазады Stan.kz.
“Жоқ, қызғаныш деген сезім жоқ. Халықтың, елдің азаматы болғандықтан, мен оны қызғануға ешқандай хақым жоқ. Себебі мен жолдасыма сенемін. Сенгендіктен, беталды ұрысу, қыз болсын, басқа үшін болсын ұрсу деген бізде болған емес. Себебі ол бос дүние.
Біздің отбасымызда бәрі ортақ шешімнен шығады. Әркім өз ойын айтады. Дастархан басында әрқайсысы пікірін білдіреді. Соңында бір шешімге келеміз. Үлкендер айтады”, – деп түсіндірді Жұлдыз.
Бұл орайда келіндерін “сарбаздарша” тәрбиелеген Гүлзира Айдарбекованың септігі зор көрінеді.
“Өмір өзі мектеп қой. Бір адаммен бір адам бекерден бекер кездеспейді. Мен ол кісіні ұстазым ретінде қабылдадым. Білмегенім көп болды. Сол кісі арқылы көп нәрсені білдім. Ол кез-келген нәрсеге қатысты. Мысалыға, адамға қалай қарау керек, адаммен қалай сөйлесу керек, балаға қандай тәрбие беру керек, қонақты қалай күтіп алу керек.. Маған берген тәрбиесі көп. Сол үшін алғысым шексіз”, – дейді Жұлдыз.
Тағы оқыңыз:
4 бала тапқан Жұлдыз Әбдікәрімова мінсіз сымбатын қалай сақтағанын айтып берді (фото)
Елдің сынына қалған Жан Ахмадиев пен Төреғали ерекше сыйлық алды
Тиматиді аузына қаратқан қазақ әншісі ажырасып кеткенін айтты
Бірге суретке түспек болған тыңдарманы екі саусағын көрсеткен Қанаттың қолын қағып жіберді (видео)