Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұлдыз Әбдікәрімова қызықты пост жазып, халықтың ықыласына бөленудің құпиясымен бөлісті

Қазіргі таңда Қайрат Нұртаспен қатар, жұбайының да әр қадамын жұрт жіті қадағалып отырады. Алты айдың ішінде атағы аспандаған Жұлдыздың инстаграмдағы жазбаларын ғаламтор тұтынушылары желі де қызу талқыға салады. Таяуда ғана жарасымды жұптың таныстығы жайлы ностальгияға толы естеліктерімен бөліскен Әбдікәрімова, көпшілікті сүйсінткен болатын. Stan.kz тілшісіне сұхбат берген актриса, қызықты пост жазып, халықтың ықыласына бөленудің құпиясымен бөлісті.

«Ең басында парақшамды ашқан кезде мен: «Не жайлы жазғаным қызық?» – деп көпшіліктен сұрағанмын. Сол кезде бірнеше сұрақтардың ішінде қайсысының пайызы жоғары болады, сол сұрақтан бастап жауап беремін деп шештім. Соның ішінде «Қайрат пен Жұлдыз қалай танысты?» – деген сұрақ ең көп қойылды. Сондықтан таныстығымыз туралы жауап беруден бастадым. Содан идея туылды. Неліктен жазбасқа? Біздің студент кезімізде қаншама оқиғалар болды. Мүмкін біреуге сабақ болар. Біреуге мүмкін үлгі болар. Мүмкін біреуге қызықты болар», -дейді Жұлдыз.

Бүгінде Әбдікәрімованың инста-парақшасына 607 мыңнан астам адам жазылған. Алдағы уақытта актрисаның оқырмандарына айтар қызықты оқиғалары көп. Егер өнер иесіне көңілге қонымды әрі сауатты сауалдар қойылса, Қайрат пен Жұлдыздың жұртқа беймәлім ашылмаған сырлары жетерлік екен.

«Посттар жалғасады. Оқиғалар өте көп. Оған тек уақыт керек. Менде уақыт өте тапшы. Себебі мен көбінесе отбасыма көп көңіл бөлемін. Балаларыма көп көңіл бөлемін. Арнайы бір нәрсе жазу үшін маған уақыт керек. Келесіде қандай тақырыпты қозғайтыным жайлы дәл қазір айта алмаймын. Себебі маған түрлі пікірлер жазады ғой. Сол пікірлердің ішінен көзіме көрініп, көңіліме қонған бір сұрақты оқып және ол сұрақ бірнеше рет қойылса, менің соған шабытым ашылып, жауап беремін», – дейді Әбдікәрімова.

Жұлдыз желіде жазылған түрлі пікірлерге көз қырын салып отырады. Ал өзіне қойылған сұрақтарға таңдап, талғап барып қана жауап беретін көрінеді. 10 жыл бойы жұрт назарында болмағанымен, Қайраттың жұбайы осы мерзім аралығында түрлі қызықтар мен қиыншылықтарды бастан кешкенін айтады. Сондықтан желідегі әрбір постын үлкен ыждаһаттылықпен жазады.

«Мен мына сұрақты қойды екен деп, жауап бере салмаймын. Бір нәрсені жазу үшін ол туылу керек. Өйткені информация көп басымда. (күледі) Еске түсіруім керек. Қайсы бірін жаза беремін? Өйткені осы жылдардың ішінде өте көп нәрселер болды. Өте көп қиыншылықтар да болды. Қызықшылықтар да болды. Жалпы айтқанда осы 10 жылдың ішінде өмірім қызық пен шышыққа толы болды», – дейді Қайраттың жұбайы.

Бүгінде актриса келесі жазбасын ой елегінен өткізіп жатыр. Жақын күндері Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың жанұясы жайлы тағы бір ақпараттан хабардар болсаңыз, таң қалмаңыз!

Оқи отырыңыз:

Әнші Бүркіт інісін үйлендіріп, Таразда дүркіретіп той өткізді (фото)

Жазира Байырбекова сұлулығының құпиясын ашып, бетін қалай күтетінін айтып берді

Ринат Зайытов: Келесі президент әнші болатын шығар

Талқылау