Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүктілігін білмеген 21 жастағы әйел толғақты соқырішек деп ойлаған

Фото: whatsthejam.com

Жүктілігі туралы білмеген Ұлыбритания тұрғыны толғақты соқырішектің ұстамасы деп қабылдап, дені сау қыз баланы дүниеге әкелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі What’s The Jam басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Йоркшир графтығында тұратын, Лидс қаласындағы стоматологиялық клиникада жұмыс істейтін 21 жастағы Деми-Ли Сефтон мектеп кезінен бері Брэд Баррингтон есімді жігітпен кездесіп жүрген. Алайда олар үй сатып алмайынша бала сүюді жоспарламаған.

2025 жылғы 12 мамыр күні Сефтонның іші қатты ауырып, ол мұны ауыр етеккірдің белгісі деп ойлады.

Ауырсынуды басатын дәрі ішіп, ұйықтауға тырысқан. Бірақ ауру күшейе түскен соң, таңға жуық әйел өзін соқырішек болып қалдым деп ойлаған.

Ол анасына хабарласып, жедел жәрдем шақырды. Оқиға орнына келген дәрігерлер Сефтонның кем дегенде жеті айлық жүкті екенін және толғағы басталғанын айтты.

Британиялық әйел мұндай жаңалыққа қатты таңғалғанын жасырмады. Оның айтуынша, етеккірі әдеттегідей келіп тұрған, тек анда-санда кешігуі болатын, бірақ мұндай жағдай бұрын да кездескен.

Сефтон Баррингтонға хабарласуға тырысқанымен, жігіт телефон көтермеген. Ақырында әйел ауруханаға жеткізіліп, 45 минуттан кейін дені сау қыз баланы дүниеге әкелді. Сәбиге Хейзел деген есім берілді.



Еске салайық, бұған дейін АҚШ-та 41 жастағы медбике Сьюз Лопес аналық безіндегі 10 келіге жуық алып кистаны алып тастатуға жоспарлы отаға түскен. Ота кезінде дәрігерлер оның жатырдан тыс дамыған, толық жетілген ұл баланы көтеріп жүргенін анықтап, сәби дүниеге келген. Нәрестеге Рю есімі берілген. Дәрігерлер ультрадыбыстық тексеру барысында баланы байқамаған, себебі кистаның көлемі баскетбол добы секілді үлкен болған. Күрделі операция нәтижесінде киста да алынған, 3,6 келі салмақтағы сәби де аман туған. Ана мен бала толық сауығып шыққан.

Айым Атамбаева
Жексенбі, 25 Қаңтар, 2026 15:00