Әйел баласын "мас" күйінде дүниеге әкелді

Польшада жүктіліктің 38 аптасында ішімдік ішкен әйел ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның ағзасынан үш промиллеге жуық алкоголь анықтаған. Соның салдарынан сәби де “мас” күйде туған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қандағы алкогольдің мұндай деңгейі ана мен бала үшін аса қауіпті болғандықтан, дәрігерлер шұғыл түрде кесарь тілігін жасау туралы шешім қабылдады. Нәресте дүниеге келген соң, оның қанында 1,5 промилледен астам алкоголь бар екені анықталған. Бұл көрсеткіш жаңа туған сәбилер үшін өлім қаупін төндіреді.
Қазір баланың жағдайы тұрақтандырылды. Ал анасына қатысты қылмыстық іс қозғалып, оған бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.
Айта кетейік, бұған дейін 70 жастағы ақсақал жеті қыздан кейін ұлды болғаны хабарланған еді.
"Жалаңаштанып айға қарап, рәсім жасайды": Батыс Қазақстандағы бір ауылдың тағдырын жат ағым қалай өзгертті?
Мадхалиттердің 4-5 жыл бұрын депутаттық корпусқа үміткер болуға талпынғандары да болды
"Саябақтарда қонып жүрмін": 21 жастағы қазақстандық балалар үйінің түлегі далада қалды
Жетім балалар неге кәмелетке толған соң көше кезіп қалады?