Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жүк көліктерін жалған құжатпен тіркеген қылмыстық топ мемлекетті 740 миллион теңгеге алдап кеткен

Ақтөбеде жүк көлігін жалған тіркегенФото: Қаржы мониторингі агенттігі

Ақтөбеде қылмыстық топ жалған құжаттар жасап, ондаған жүк көлігін заңсыз тіркеп, мемлекетке 740 миллион теңгеден аса зиян келтірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тергеу мәліметінше, олар сатып алу-сату шарттары мен көлік тексеру актілерін қолдан жасап, мемлекеттік жүйеге шындыққа жанаспайтын деректер енгізген.

“Ақтөбе облысында жалған құжаттар арқылы жүк көліктерін заңсыз тіркеген қылмыстық топ анықталды. Топ мүшелері қолдан жасалған сатып алу-сату келісімшарттары мен көлік тексеру актілерін пайдаланып, "Автоіздеу" жүйесіне жалған мәліметтер енгізіп отырған. Осылайша олар 77 жүк көлігін заңсыз тіркеген.



Бұл әрекеттер Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында жүзеге асқан. Негізгі мақсат – салықты төлемей, тіркеу алымдарынан жалтару болған. Соның кесірінен мемлекетке 740 миллион теңгеден астам шығын келген”, – делінген  Қаржы мониторингі агенттігінің хабарламасында. 

Сот шешімімен ұйымдастырушылар қамауға алынып, тергеп-тексеру амалдары жалғасуда.

STAN.KZ
Бейсенбі, 07 Тамыз, 2025 11:29
Талқылау
`