"Жоспар болған жоқ, жаңылысулар болды": Қасым-Жомарт Тоқаев ату туралы бұйрықты түсіндірді
Қасым-Жомарт Тоқаев тәртіпсіздік шабуыл әрекеттері кезінде қарулы күштеріміздің арнайы жоспары болмай абдырағанын және жағдайдың одан әрі ушығуына жол бермес үшін жауапкершілікті өз мойынына алып, қажетті шешім шығарғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Жағдай ушыққан сәтте құқық қорғау органдары әскерлерінің біріңғай іс-қимыл жоспары болған жоқ. Бәрінде абдырау, жаңылысу болды. Олар жауапкершілікті мойынына алуға қорықты. Өйткені Жаңаөзендегі оқиғадан соң мұндай жағдайларда тәртіп сақшыларын бұғаулаған заңдар қабылданған болатын. Мен жауапкершілікті өз мойныма алдым. Иә, жұрт қорқып кетті. Алайда мен үшін мемлекет пен азаматтарымыздың қауіпсіздік мүддесі бәрінен жоғары. Ең алдымен Батыстың бұл жағдайды қалай қабылдайтынын ойладым, бәрін ретке келтіруді ойладым”, – деді президент.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"