Қазір Оқу-ағарту министрлігі мен мемлекеттік мүлікті басқару құзырлы органы үйді басқа мемлекеттік заңды тұлғаларға беру мәселесін қарастырып жатыр.
Айта кетейік, көктемде қайтарылған активтерді басқару компаниясы Астананың Нұра ауданында орналасқан үй Астана әкімдігінің меншігіне берілетінін хабарлаған еді. Алайда Астана қалалық білім басқармасын үйдің білім беру нысандары үшін белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай емес деп мәлімдеп, алудан бас тартты.
Еске салсақ, ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтен тәркіленген тұрғын үй алғаш рет 2025 жылдың ақпан айында сатуға шығарылып, 1 883 338 958 теңгеге деп бағаланған еді. Алайда үй аукционның бірінші сатылымында өтпей қалды. Жылжымайтын мүлік екінші рет наурыз айында сатуға шығарылып, тағы да сатылмай қалды. Элиталық үй сәуір айында тағы да сатылымға шығарылып, құны 282 500 843 теңгеге ғана арзандап, бастапқы баға – 1 600 838 115 теңге болып бекітілгені туралы жазған едік.
