Жомарт Ертаевпен байланысы бар "Алмателдің" бас директоры Мәскеуде қамауға алынды
"Алмател" телекоммуникация операторының бас директоры Александр Гадалов Мәскеуде қамауға алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Мәскеу қалалық сотының сайты 12 қыркүйекте Мәскеудің Таган аудандық соты Гадаловқа қамауға алу түріндегі бұлтартпау жазасы тағайындалғанын хабарлайды. Ол Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 159-бабы, 4-бөлігі алаяқтық бойынша айыпталуда. 23 қыркүйекте Гадалов бұл шешімге қанағаттанбай қалалық сотқа шағымданды. Қазіргі уақытта іс судьяның қарауында.
"Алмател" бұған дейін Жомарт Ертаевке тиесілі болған. Гадаловты қамауға алу туралы өтініш ҚР ІІМ-нен келіп түскен және ол Ертаевтың әрекеттерімен байланысты болған.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда Bank RBK-дан 144 миллиард теңгені ұрлау бойынша сот ісі аяқталған болатын. Прокурор экс-банкир Жомарт Ертаевты 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Еске салсақ, прокуратура экс-банкир Жомарт Ертаевты 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
