Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

RBK банкіндегі құйтырқылар: Ертаев 11 жылға бас бостандығанан айырылуы мүмкін

Прокуратура экс-банкир Жомарт Ертаевты 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алмалы аудандық сотының баспасөз қызметі Ертаевтың өз кінәсін мойындап, қылмыстық істі тергеуге көмектескенін, келтірілген зиянды ішінара өтегенін және кәмелетке толмаған балалары бар екенін хабарлады. Айыптаушы тарап осы жағдайларды ескере отырып, қамау мерзімін азайтуды сұрады.

Прокурор 5 жыл мерзімге материалдық-құқықтық жауапкершілікке байланысты коммерциялық және қаржылық қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, мүлкін тәркілеу, 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесінде өтеуді сұрады.

Оған қоса, бұл іске тағы 36 адам қатысуда. Прокурор екі сотталушының ескіру мерзімінің аяқталуына байланысты қудалауды тоқтатуды сұрады.

Айыптаушы оларды төрт жылға бас бостандығынан айыруды, қалғанын 1 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады.

Жомарт Ертаев Bank RBK-дан 144 миллиард теңгені жымқырды деп айыпталуда. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, банкир өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, 2011 - 2017 жылдар аралығында аталған соманы ұрлап үлгерген.

2019 жылы Қазақстан билігінің өтініші бойынша Жомарт Ертаев Мәскеуде ұсталды. Оның босқын мәртебесі Ресей бас прокуратурасының шешімімен жойылды және Мәскеу қалалық соты Ертаевты Қазақстанға экстрадициялау туралы шешім қабылдады.

Талқылау