Жомарт Ертаев ендігі Ресейде қала алмайды
Алаяқ банкирге Ресейде тұруға берілген құқықтың күші жойылды. Бұл туралы Бас прокуратурасына сілтеме жасай отырып, КТК телеарнасы хабарлайды.
Құзырлы орган «РБК Банк» акционерлік қоғамы директорлар кеңесі төрағасының экс-кеңесшісін Ресейден экстардициялау мәселесі қарастырып жатыр. Ертаевтың банктің 160 млн доллар қаражатын ұрлады деген күдікпен іздестіріліп жатқаны мәлім. Сонымен қатар, Алматы соты Ертаевтың әйелін де тұтқындауға бұйрық берген. 3 жыл іздеуде болған банкир мамыр айында Мәскеудің орталығында тұтқындалған болатын.
«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының хаты бойынша 2018 жылдың 14 маусымында Мәскеу соты үй қамағы түріндегі бұлтартпау шарасын 8- қарашаға дейін ұзартты. Сонымен қатар, біздің өтініш хатымыз бойынша Ресейдің ІІМ Мәскеу қаласы бойынша Бас басқармасының 2018 жылғы 6- маусымдағы шешімімен Ж. Ертаевқа 2017 жылғы қараша айында Ресей Федерациясында тұруға берілген құқығының күші жойылды», – деп айтылған ҚР Бас прокуратурасының мәлімдемесінде.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.