Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жолымыз болмай тұр": Әли Оқапов анасы Роза Рымбаева туралы фильм не үшін тоқтап тұрғанын түсіндірді

“Құрмет” орденінің иегері, әнші Әли Оқапов анасы Роза Рымбаеваның өмірінен сыр шертетін фильм түсірмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/rozarymbaeva/

Өнер иесінің айтуынша, анасының тағдыры киноға сұранып тұрған көрінеді. 

"Болашақта анам жайлы биографиялық драма түсіргім келеді. Бұл жобамен айналысып жүргеніме бірнеше жыл болды. Әзірге өкінішке қарай жолымыз болмай жүр. Өйткені оны жасау үшін қолдау керек. Менің ойымша, анамның өмір жолы мен өнер жолы кино ретінде шығуға әбден лайық", – деді ол.



Айта кетейік, әнші киноның сұлбасын дайындап қойғанымен, екі жыл қатарынан іріктеуден өтпей қалған. 

“Біз жобаны “Ұлттық кино қолдау қорына” ұсындық, бірақ өкінішке орай, екі жыл қатарынан іріктеуден өтпедік. Оған не себеп болғанын білмеймін”, – деген еді әнші.  

Еске салайық, бұған дейін Әли Оқапов дауыс желбезегін зақымдап алғанын жазған едік. 

 

Талқылау