Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жолдыбаева: Актермен сүйісу үшін ешкімнен рұқсат сұрамаймын (видео)

Кәмшат Жолдыбаева фильмдерде қатарынан бірнеше актермен сүйіскені үшін қатал сынға ұшыраған еді. Әнші әрі актриса не себепті мұндай қадамға барғанын айтты.

;jkls,ftdf rfvif

Жолдыбаева Эльвира Ерғалинаға сұхбат беріп, журналистің «Сіз телехикаяларда актермен сүйісесіз. Қандай сезім болады?» деген сауалына:

«Сүйіскенде қандай сезім болады? Кинодағы сүйіскен өмірде сүйіскеннен басқаша болады. Кинодағы сүйіскен ол жұмыс, өмірдегі ол махаббат», – деп жауап берді. Одан кейін Жолдыбаева түсірілімде кеткен қателіктерге байланысты бір эпизодты бірнеше рет түсірген сәттер туралы әңгімеледі.

«Бірнеше рет түсірген кезіміз болды. Ол жарыққа, оператордың жұмыстарына байланысты бірнеше рет режиссер сұрады. Максималды түрде үш рет сүйістім», – деді ол.

Жолдыбаева өз сөзінде шынайы өмірде сүйікті адамының жоқ екенін, сол үшін де актермен сүйіспес бұрын ешкімнен рұқсат сұрамайтынын мәлімдеді.

«Менің кездесіп жүрген адамым жоқ. Сондықтан да талқылайтын, рұқсат сұрайтын адам жоқ. Оның барлығын мен өзім шешемін. Мен өзімнің жұмысыма үлкен құрметпен, үлкен жауапкершілікпен қараймын. Режиссердің қойған талаптарын орындаймын. Менің кинодағы сүйісулерім орынсыз емес. Менің кейіпкерлерімнің махаббатын, сезімін жеткізетін кезде ғана орындалатын сүйісу. Жалпы сүйіскен жақсы ғой. Бұл махаббат, бұл сезім, сондықтан да бір-бірлеріңізді жақсы көріңіздер, сүйіңіздер, сүйісіңіздер, достар» – деп түйіндеді сөзін актриса.

Жіберіп алмаңыз:

Әлішер Кәрімов: Кафеде күніне 300 теңгеге ән айтатынмын

Қайрат Нұртас жол апатынан кейін туған жерінде концерт берді (видео)

Ерке Есмахан тыңдармандарын жаңа бейнебаянымен қуантты (видео)

Қайрат Нұртастың жол апатына түсуіне жылқылар себеп болған

Қызықты жұмбақ: Кәмшат Жолдыбаева тыңдармандарынан көмек сұрауда (видео)

Талқылау