Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас жол апатынан кейін туған жерінде концерт берді (видео)

Қызылорда облысына әнсапары барысында Қайрат Нұртастың жол апатына ұшырағанын естіген тыңдармандары ол үшін қатты алаңдады. Қайраттың тезірек сауығып кетуін тілеген халық ол үшін дұға жасады. Автокөлігінің қатты зақымданғанына қарамастан, Қайраттың өзі дін аман. Тек аяғын аздап жарақаттап алған. Әнші жол апатынан бір күннен кейін өзінің туған жері Түркістан қаласында концерт берді, деп хабарлайды Stan.kz.

кайратик нуртасулы

Әдеттегідей Қайраттың бұл концертіне де халық көп жиналды. Залда ине шаншарға орын болмады. Тіпті, Қайраттың әнін тыңдау үшін залда тұрып тұруға келіскен тыңдармандар да көп болды. Концерт барысында Қайрат Нұртас өзінің сүйікті сахналық костюмдерінің бірін жас жанкүйеріне сыйлады.

Бұл туралы Қайраттың анасы әрі продюсері Гүлзира Үсенқызы:

«Туған жеріміз Түркістан қаласында. Сүйікті костюмі еді, шын көңілмен жанкүйеріне табыстады. Бір сəт жанымыз қысылғанда бүкіл ел дұға тіледі, соны жүрегімен түсінген балама алыста болсам да, жанкүйерлер жіберген видеодан көріп разы болып отырмын. Алла өмір берсін!» – деп жазды.

Ал видеодан Қайраттың бұрынғыша әнін айтып, секіріп би билегенін көрген тыңдармандары қатты қуанды.

«Жарайсыз, аяғыңыз ауырып тұрса да керемет билеп тұрсыз», «Аллаға шүкір аман жүрсін бала-шағасының алдында, денсаулығы мықты болсын», «Қайда жүрсең де аман жүрші халқың мен ата-анаңды уайымға салмай», – деп пікір білдірді олар.

Қайрат Нұртас жол апатына ұшырап, кейіннен тыңдармандарына алғыс айтқан еді.

Жіберіп алмаңыз: 

Ерке Есмаханның Оралдағы концерті өтпей қалды

Аша Матай тұңғышын дүниеге әкелді

Әлішер Кәрімов жүрегін жаралаған қызға ән арнады (видео)

Луина: Қазақ тілін үйреніп жүрмін. Мен ана тілімде сөйлегім келеді

Талқылау