Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жолдасынан ерекше махр сұраған қалыңдық жұртты тамсандырды

Жуырда қырғызстандық жас жұбайлар тойға жинаған ақшаларын қайырымдылыққа жұмсады. Олар жетімдерге арнап кішігірім мереке ұйымдастырып, түрлі сыйлық ұсынған.

32994095

Бұл туралы ummamag.kg хабарлайды.

Қырғызстанда жас жұбайлар тойдың орнына, қайырымдылық жасауға ұйғарды. Бұл ұлан-асыр тойдан бас тартып отырған алғашқы жұп емес. Қайырымдылыққа негізделген тойлар эстафета тоқтаусыз жалғасын тауып келеді.

Еркін күрестен Қырғызстан Кубогының иегері Арзуубек Қайырбековтың болашақ жары одан ерекше махр сұраған екен. Яғни күйеуінен жетім балаларды тамақтандыруды өтінген. Мұсылман қалыңдығының бұл тілегін орындап, Джалал-Абад қаласындағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне кішігірім мереке ұйымдастырды.

32983768

Орташа есеппен қырғызстандықтар тойына 200 адам шақырып, 700 мың сом жұмсайды. Ал республикадағы орташа жалақы – 7 мың теңге. Көп адам той жасау үшін дүние-мүліктерін сатып, несие алып жатады.


Жіберіп алмаңыз:

Қарағанды облысында сенбілікке шыққан дәрігерлер ер адам мүрдесін тауып алды

Үйін су шайған 10 жасар Махаббатқа бүгін кәсіпкер ағасы пәтер кілтін табыстады (видео)

Мәдениет басқармасының қызметкері Қазыбек бидің сіңірген еңбегі жоқ деп жар салды (видео)

8 жасар қызды педофильден құтқарған оқушы: Гранттан бас тартқан жоқпын

Талқылау