Жолаушы ала кетпекші болған Қостанай тұрғыны көлігінен айырылып қалды
Жол-жөнекей жолаушы алған Қостанай қаласының тұрғыны көлігінен айырылып қалды. Жолаушы өзін ала кетуге келіскен жүргізушінің көлігін ұрлап кеткен.
Бұл туралы Қостанай облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Қылмыс осы жылдың сәуір айының басында орын алған. Ресейден Toyota Corolla маркалы автокөлік сатып алған Қостанай қаласының тұрғыны туған жеріне баратын жолда көлігіне жол-жөнекей кездескен жолаушыны отырғызған. Алайда, жолаушы ризашылығын білдірудің орнына, көлік құралын ұрлауды ұйғарған.
Автокөлікті ұрлаған жолаушы Қостанай облысының Сарыкөл ауданына жеткен кезде жергілікті полицияның қолына түскен.
Жәбірленушінің қорғаушысы Дмитрий Лелеков автокөлікті ұрлаған жолаушыны бірден қолға түсірген Сарыкөл АІІБ қызметкерлеріне алғысын білдірді.
Тағы оқыңыз:
ҰБТ-2018: «Алтын белгі» иегерлеріне жеңілдік жасала ма
Қазақстанда орта мектепті бітіру қанша тұрады
ҰБТ-дан ең алғаш болып 140 ұпай жинаған түлекке Iphone сыйға тартылады
Дәрігерлер Атырауда терезеден құлап кеткен қыздың жағдайы туралы хабарлады