Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жол үстінде шетелдікпен жанжалдасқан алматылық жүргізуші қамауға алынды (видео)

Жол үстінде шетелдікпен жанжалдасқан алматылық жүргізуші қамауға алынды (видео)Фото: Видеодан скрин

Полиция жол үстінде шетелдік азаматына дөрекі сөйлеген алматылық жүргізушіні қамауға алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әлеуметтік желіде Алматы көшелерінің бірінде екі жүргізушінің жанжалдасып тұрған видеосы тарады. Жүргізушілердің бірі шетелдік болып шықты. Қазақстандық жүргізуші оған дөрекі сөйлеп, мәселені шешу үшін көлікті тоқтатуға шақырды. 

Алматы полициясның мәліметінше, жүргізуші көліктің терезесін ашып, өзі жанжалға шақырып, басқа көліктегі шетелдік туристке дөрекі сөздер айтқан. Тәртіп сақшылары осы факті бойынша құқық бұзушы анықтап, ұстаған. 

Полиция мәлімдегендей, материалдар сотқа жолданып, нәтижесінде арандатушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ол “Ұсақ бұзақылық” бабы бойынша бес тәулікке қамауға алынды.

“Қандай да бір дөрекілік, оның ішінде Елімізге келген қонақтарға көрсетілген құрметсіздік немесе арандатушылық мінез-құлық қоғамдық қауіпсіздік пен өзара құрмет принциптеріне қайшы. Ішкі істер органдары осындай құқық бұзушылықтарға, қоғамдық тәртіп бұзушылықтың кез келген фактісіне әрі қарай да жедел әрекет ететді”, – деп хабарлады ведомство.

Айым Болатқызы
Сейсенбі, 30 Желтоқсан, 2025 16:41