Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жол апатынан соң миына қан құйылып, құр сүлдесі қалған жігіттің анасы халықтан көмек сұрайды

Ақтөбедегі жедел жәрдем ауруханасында 37 күн бойы ем қабылдаған Серік Жантікенов қазір күтім бөлімінде жатыр. Ата-анасы оны үйіне алып кете алмай отыр.

Әбілқайыр хан бойында такси күтіп тұрған Серік Жантікеновті көлік қағып кетіп, ол 1 айдан астам уақыт бойы жедел жәрдем ауруханасының жан сақтау бөлімінде ем қабылдаған, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Дәрігерлер ота жасап, миына құйылған қанды алды. Бірақ жас жігіт мүгедек болып қалды. Ол сөйлемейді, отыра алмайды, жүрмейді. Тірек қимылдарының жұмысы бұзылған жігітке дәрігерлер барлық емді жасадық деп отыр.

«Бір айдан бері ауруханада жатыр. Жан сақтау бөліміне жеткізілген соң ота жасалды, миынан құйылған қанды алды. Сүйектері сынған, басына зақым келген. Ол есін жиды, тағайындалған емді қабылдады. Жағдайы бірқалыпты. Бірақ мүгедек болып қалды. Серік Жантікенов 37 күн жан сақтау бөлімінде жатты. Соңғы 10-15 күнде ол ешқандай ем қабылдаған емес. Себебі, емін алып болды», — деді Ақтөбе облыстық жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Арыстан Рақымжан.

Серік Жантікенов қазір аурухананың күтім бөлімінде жатыр. Анасы түтікпен тамақ береді, күні-түні баласының жанында болады.

«Жансақтау бөлімінде жатқан кезде тамақты аз берген. Қу сүйегі бар. Дәретке өз еркімен шыға алмаған соң жасанды жолмен көмек көрсетілген. Бірақ денесі жара болып қалды. Баламды көрген кезде жылап жібердім. Үш күннен бері күтім бөліміне жіберіліп, анасы бақылауына алды. Қазір дене қызуы көтерілген. Екі бөлмелі пәтерде тұрамын. Қақырық жинап, нәжіс құятын аппарат 200 мың теңге тұрады. Кереует те 400-500 мың теңге екен. Амалым таусылған соң халықтан көмек сұрап, 200 теңге болса да ақша аударса деп күтемін. Балам көзін ашады, бірақ ешқандай эмоция жоқ. Тірі өлік секілді. Жүрегім ауырады, ұйықтай алмай жүрмін», — деді Алмаз Жантікенов.

Жантікенов Алмаз Сұлтанұлының Халық банк карта нөмірі: 402 5735 8493 3131, ИИН 620719 301155, Киви кошелек: 8 708 144 54 76 деп көрсетілген.

Бұған дейін жақындары Серік Жантікеновті емдей алмаған дәрігерді сотқа бергені туралы хабарлаған едік.

Тағы да оқыңыз:

“Голос” мега-шоуының жұлдызын бұрынғы күйеуі өлтіріп кетті

Lexus мінген қыз бір топ адамды басып кетіп, 6 адам көз жұмды (фото)

Түркияда 19 жастағы орыс қызын бір топ жігіт зорлап, видеоға түсірген

Талқылау