Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жол апатында өзімен бірге әйелі мен жолаушы қаза тапқан істе қазақстандық ер адам жазықсыз деп танылды

Ақмола облысында жүргізуші қарсы бағытқа шығып кетіп, басқа көлікпен соқтығысқаны үшін бас бостандығынан айырылды. Апат салдарынан үш адам қайтыс болып, балалар жетім қалды. Алқабилер соты қайтыс болған адамды жазықсыз деп тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: vechirniy.kyiv.ua

Алқабилердің қатысуымен өткен сот отырысында жол-көлік оқиғасына себепкер болған, салдарынан үш адамның өліміне әкелген жүргізуші А-ға қатысты Қылмыстық кодекстің 345-1-бабының 4-бөлігіне сәйкес "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" іс қаралды. Сонымен қатар апат салдарынан қаза тапқан жүргізуші П-ға қатысты, оның А-ның автокөлігімен соқтығысуына жол берді деген айып қаралды.

Сот анықтағандай күдікті мас күйінде автожолда қарсы бағытқа шығып кетіп, қайтыс болған ер адамның автокөлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан жүргізуші, оның жұбайы және жолаушы алған жарақаттарынан қайтыс болды. Қайтыс болған ер адамға абайсызда А-ның автокөлігімен соқтығысқаны үшін айып тағылды. Алайда алқабилердің үкімімен қайтыс болған ер адам кінәсіз деп танылып, ақталды.

Осылайша ер адам жол қозғалысы ережелерін мас күйінде бұзғаны және бұл әрекеттерінің салдарынан үш адамның өліміне әкелгені үшін кінәлі деп танылды. А-ның кінәсінен П жұбайымен бірге қаза тапты. Осылайша кәмелетке толмаған екі бала ата-анасыз қалды.

Сот-наркологиялық сараптама қорытындысына сәйкес ер адамда алкогольге тәуелділік синдромы анықталған. Сот үкімі бойынша көз жұмған ер адамның әрекетінде құқық бұзушылық құрамы болмағандықтан ақталып шықты.

Ал күдіктіге 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды және өмір бойы көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Жәбірленушілердің пайдасына 15 миллион теңге көлемінде моральдық зиян және 4,3 миллион теңге көлемінде материалдық шығын өндіру шешілді. Сонымен қатар оған мәжбүрлі түрде алкоголизмнен емделу тағайындалды.



Еске салайық, бұған дейін Алматыда жүк көлігі жеті жасар қызды қағып өлтіргені айтылды. Алматы полиция департаменті жол апатына себепші жүргізушіні ұстады. Қылмыстық-процестік кодекстің 128-бабына сәйкес, жүк көлігінің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Талқылау