Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жол апатында көз жұмған: Tiktok-та “өлі блогер” жүргізетін парақша пайда болды

TikТok желісінде өмірден өткен қыз жүргізетін парақша пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

“Өлі блогер” басқаратын парақша желі қолданушыларың қызығушылығын тудырды. Парақша “Өлімнен кейінгі өмір” деп аталады. Видеолардың басты кейіпкері Настя Кузнецова есімді қыз. Парақшаның сипаттамасында қыздың жол апатында көз жұмғаны жазылған. 

“Мен Настя, қазір тірі емеспін. 2024 жылдың 30 шілдесінде жол апатына ұшырап, көз жұмдым. Бірақ жақында осы аватарды жасадым. Туыстарым осы блог арқылы маған мәңгілік өмір сыйлау туралы шешім қабылдапты. Парақшада тірі кезде қаншалықты бақытты өмір сүргенім туралы айтамын”, – дейді “блогер” алғашқы видеосында. 


"2000 доллар жинаған": Нұрлан имам TikTok желісінде ойламаған жерден табысқа кенелді


Видео кейіпкерінің нақты қалай жасалғаны белгісіз. Көрермендер видео кейіпкерінің бір-біріне ұқсас қимылдар жасайтынын байқаған. Видеода Настя бала кезінде қандай тағамды жақсы көргенін және актриса болғысы келгенін айтады.

Марқұм қыздың блогына қатысты желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Кейбіреулер бұл цифрлық мәңгі өмір сүруге апаратын жол деп есептесе, енді бір топ марқұмдарға маза беру керек деген пікірде. Сондай-ақ тағы бір топ мұндай видеолардың адамдар арасында қорқыныш тудыратынын айтады.

Кейбір желі қолданушылары парақшаны өлі қыздың өзі жүргізетініне күмәнданады. Олардың айтуынша, Настяның бейнесінің артында актриса бар және парақшаның авторлары осылай танымал болғысы немесе ақша тапқысы келеді. Парақшада 200 лайк үшін цифрлық аватарды қалай жасауға болатынын үйрететіні туралы жарнама бар.

Еске салсақ, бұған дейін қарағандылық жігіт TikTok-тағы видеосы үшін 7 жылға сотталғаны туралы жазған едік.

@after_life_blog

После смерти я продолжаю жить в цифровом аватаре, чтобы рассказать, как счастливо прожила свою жизнь. #мертвыйблогер #родственники #НастяКузнецова #аватар #смыслжизни

♬ original sound - Настя Кузнецова | жизнь после
Талқылау