"Жол апатына түстім": Алмас Кішкенбаев өміріндегі ауыр оқиғаны есіне алды
Көпшілік көзіне түсе бермейтін әнші Алмас Кішкенбаев өміріндегі оқыс оқиғаны айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Подкастан скриншот
Өнер иесі бейнебаянның түсіріліміне кетіп бара жатқанда жол апатына түскенін Saltanat Live Youtube арнасына берген сұхбатында айтты.
“Ол кезде Қапшағай қаласы болатын. “Хабар” арнасының бір бағдарламасын түсіруге бардық. Сол қалада бір аптадай болдық. Көктемнің кезі болатын. Қиын түсірілім болды. Сол түсірілімге шығар кезде жол апатына түстім. Жер қазу керек, мен күрек ұстамаған адаммын ғой. Күрек ұстайтындай уақытым да болмады. Көбіне шығармашылықпен жүрдім. Түсірілімде сарбаздың тапсырмаларын берді. Соның бәрі қиынға түсті", – деді әнші.
-
"Сахнаға домалап шығатынмын": Алмас Кішкенбаев өнерден алыстап кетуінің себебін ашып айтты
-
"Алғашқы жігітім": Сиви Махмуди Алмас Кішкенбаевпен жұп болғанын мойындады
Сонымен қатар эстрада жұлдызы сахнадан не үшін көрінбей кеткенін де жасырмады.
“Сахнадан үзіліс алғаным рас. Дәл қазір айтарлықтай жаңалық жоқ. Егер де оны күтіп жүре беретін болсақ, тағы 5-6 жыл күту керек болады. Сол себепті ешнәрсеге қарамай жұмысты бастай берейік деп шешім қабылдадық. Жұмыс өте көп. Шығармашылық үзіліс алғаныммен, сахнаға шығуды ешқашан доғарған емеспін. Тек қана сұхбат, түсірілімдерге баруға өзімді шектедім. Қазір барлығына барып жүрмін", – деді ол.
Еске салайық, Алмас Кішкенбаев экс продюсері Ләйлә Сұлтанқызымен жұмыс істеген кезін есіне алған еді.