Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жоғары мәртебелі": Түркия президенті Тоқаевты сән-салтанатымен күтіп алды

Тоқаев Ердоған

Фото: Видеодан скрин

Қазақстан президентінің телерадиокешені Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия астанасы Анкараға сапары қарсаңында қаланың қалай безендірілгенін көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстан президентінің телерадиокешенінің Telegram-арнасында видео жарияланды. Кадрлардан Түркия астанасындағы баннерлерге Қасым-Жомарт Тоқаевтың суреті орналастырылғанын көруге болады.

“Қазақстан Республикасының президенті Жоғары мәртебелі Қасым-Жомарт Тоқаев мырза, Түркияға қош келдіңіз”, – делінген Қазақстан мен Түркия президенттерінің суреті бейнеленген баннерлерде.

Тоқаевтың келуіне орай Анкараның орталық көшелері арнайы баннерлермен безендірілген.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен бұл елге ресми сапармен баратыны туралы жазған едік. Сапар аясында Анкарада мемлекет басшыларының кездесуі өтіп, қазақ-түрік стратегиялық әріптестігін одан әрі нығайтуға бағытталған келіссөздер жүргізілетіні айтылған еді.

Тоқаевты Анкарада Режеп Тайып Ердоған қарсы алды. Кейін Қазақстан мен Түркия президенттері әуежайда қысқаша әңгімелесті. Кейін екі ел президенттері Есенбоға әуежайынан Анкараға бір көлікпен шықты.

Бұған дейін Қазақстан мен Түркия президенттері 2024 жылғы қарашада Бакуде өткен Дүниежүзілік климат саммитінде кездескен. Ол кезде мемлекет басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, көпжақты құрылымдар аясында өзара қолдау көрсетуге келіскен еді.

Айым Болатқызы
Сейсенбі, 29 Шілде, 2025 09:21
Талқылау
`