"Жоғары мәртебелі": Мәскеу көшелерінде Тоқаевтың суреттері ілінді

Фото: Ақорда
Мәскеу көшелерінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың суреттері ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақорда жариялаған видеода қала көшелерінде Қазақстанның туы мен Тоқаевтың суреттері ілінгенін байқауға болады.
“Қазақстан Республикасының президенті, жоғары мәртебелі Қасым-Жомарт Тоқаев мырза Ресей Федерациясына қош келдіңіз”, – деген жазу екі тілде үлкен билбордтарда орналастырылған.
Еске салсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды.
Ресейдің арнайы ұшақтары Мәскеу әуежайына қонғанға дейін Тоқаев мінген ұшақты қоршап ұшқаны туралы жазғанбыз. Ақорда әуе кеңістігіндегі видеолармен бөлісті. Онда Тоқаев мінген ұшақты бірнеше әскери ұшақ қоршап келе жатқанын көруге болады.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген