Жоғарғы сот Лиза Пылаеваның өліміне қатысы бар дегендерді ақтау үкімімен келісті
Фото: Александр Пылаевтың жеке архиві
Жоғарғы сот кәмелетке толмаған Лиза Пылаеваның өліміне қатысты іс бойынша қылмыстық істі қарады. Прокурорлар соттың ақтау үкімімен келіспей, оны қайта қарауды сұраған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жоғарғы сот та үш айыпталушы – Ольга Шмакова, Леонарда Рыжакова және Уктам Махмудовқа қатысты шығарылған ақтау үкімін күшінде қалдырды.
“Тергеу барысында анықталғандай, 2019 жылдың 12 мамырында сағат 15:30 шамасында өз үйінің ауласында Шмакова қызғаныш сезімінен аулаға шығып, көлігімен кәмелетке толмаған жиені Лизаны қағып кеткен. Үйде бағбан болып жұмыс істеген Махмудов үй иелерінің нұсқауымен қыздың денесін жуып, басқа киімге ауыстырып, жазатайым оқиғаны елестетіп денесіне мүсін орнатқан. Одан кейін сағат 21:05-те жәбірленушінің атасы мен анасы оны ауруханаға әкеліп, ол өлді деп танылған. Кәмелетке толмағанның әжесі Рыжакова мен отбасының бағбаны Махмудов жәбірленушінің үстіне мүсіннің құлағанын көрсетіп, көрінеу жалған куәлік берген”, – делінген хабарламада.
Алайда соттың мәлімдеуінше, тергеу органдары жәбірленушінің өлімінің мән-жайын сенімді түрде анықтаған жоқ. Сондай-ақ сараптама қорытындылары қарама-қайшы дейді.
“Сарапшылар дене жарақаттарының қалыптасу механизмі мен өлім уақыты туралы бір-бірін жоққа шығаратын қорытындылар жасаған. Бес сараптама көліктің жәбірленушіні қағып кеткенін жоққа шығарады. Жеке сарапшы жүргізген біреуі ғана дене жарақатын жоққа шығармайды, бірақ ол көліктің алдында отырған жағдайда ғана. Бұл тағылған айыпқа қайшы келеді. Тексерілген көлікте жол-көлік оқиғасының немесе жәбірленушімен басқа да жанасудың іздері табылған жоқ”, – деп мәлімдеді Жоғарғы сот.
Сол себепті қызғаныштан кісі өлтіру уәжі жоққа шығарылды.
Сондай-ақ айыптаушы тарап сүйенген анонимді куәгер бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылып, тергеу кезінде қайтыс болған екен.
“Жәбірленушінің денесінде жануарлардың тістеген іздерінің болуы баланың ересектердің қарауынсыз қалғанын көрсетеді және жәбірленушіні қасақана ұру нұсқасын жоққа шығарады. Тергеу органдары жәбірленушінің өліміне көліктің оны қағып кетуінен және сотталушының оны басып өткені туралы дәлелдемелер келтірген жоқ. Шмакованың кінәсі анықталмағандықтан, екі сотталушының да әрекеттерінде қылмыс белгілері жоқ”, – деп қорытындылады сот.
Еске салайық, Лиза Пылаева 2019 жылы нағашыларының үйінде жүріп жұмбақ жағдайда қайтыс болған еді. Сот отырысында Лизаның әжесі Алла Пылаева өзіне және ұлына таныстары арқылы ақша ұсынғандар болғанын мәлімдеген.

"Мүгедектер мен аурулар саны артып келеді": Бір аптадан бері түтінге тұншығып отырған атыраулықтар дабыл қақты
