Жоғарғы сот "ҚТЖ" компаниясына салынған 1,4 миллиард теңгелік айыппұлды жойды

Қазақстанның Жоғарғы соты "ҚТЖ–Жүк тасымалы" компаниясына үстем жағдайды теріс пайдаланды деген айыппен салынған 1,42 миллиард теңге айыппұлды алып тастады. Кассациялық сот компанияға айыппұл салу кезінде заң талаптары өрескел бұзылғанын анықтап, құқықбұзушылық белгілері жоқ деп істі толық тоқтатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Астананың әкімшілік құқық бұзушылықтар соты "ҚТЖ–Жүк тасымалы" компаниясына 1,4 миллиард теңге айыппұл салғаны туралы ақпарат былтыр 22 қыркүйекте БАҚ-та тараған еді. Бәсекелестікті қорғау агенттігі компанияны айыппұл салуға себеп болатын әрекеттері үшін кінәлі деп тапты. Себебі 2023 жылы компания жүк теміржол нарығына жаңа ойыншылардың кіруін шектеген. Сол арқылы өзіне жақын"ҚТЖ-Экспресс" АҚ пен "Кедентранссервис" АҚ құрылымдарына артықшылық берген.
Осыдан соң 2025 жылғы 22 тамыз – бірінші саты соты компанияға айыппұл салды. Ал 15 қыркүйек апелляциялық саты соты шешімді өзгеріссіз қалдырды. Осы сәттен бастап айыппұл заңды күшіне енген.
Алайда іс Кассациялық сот төрағасының ұсынысы мен Бас көлік прокурорының міндетін атқарушының наразылығы бойынша кассациялық сатыда қайта қаралды. Сот компанияны әкімшілік жауапкершілікке тарту кезінде елеулі процессуалдық заң бұзушылықтарға болған деген қорытындыға келді.
Жоғары сот бұрын сол деректер бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы шығарылып, материалдар Экономикалық тергеу департаментіне жіберілгенін көрсетті. Бірақ уәкілетті орган сол деректер бойынша қайтадан жаңа әкімшілік хаттама жасаған. Бұл заңға қайшы, себебі тоқтатылған істі қайта қозғауға болмайды.
-
Алматыдағы КБТУ ғимараты тегін түрде мемлекет меншігіне берілді
-
QazaqGaz Aimaq-тың топ-менеджеріне қатысты тергеу басталды – Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Сонымен қатар, кассациялық сот айыппұлды есептегенде, төменгі сатыдағы соттар компанияның барлық табысын негізге алғанын айтты. Шын мәнінде, тек бәсекелестікке қарсы әрекеттерге байланысты алынған табыс есепке алынуы керек еді. Сондықтан Жоғарғы сот бірінші және апелляциялық сатыдағы соттардың шешімдерін күшін жойып, әкімшілік құқық бұзушылық жоқ деп, істі тоқтатты.
Осылайша, компанияға салынған 1,4 миллиард теңге көлеміндегі резонансты айыппұл төрт ай өткен соң толықтай күшін жойды.
Еске салсақ, бұған дейін "Қазақстан темір жолы" еншілес компаниясы бәсекелестерінің жұмысына кедергі келтіргені үшін 1,42 миллиард теңге айыппұл арқалағаны туралы хабарлаған едік.
"Қыздар клубқа барып өлсе обалы жоқ”: Желіде өзін діни ұстаз ретінде таныстырған азаматтың пікірі дау тудырды